ШҰҒЫЛ! ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР БІРЛЕСЕ ҚАРАЛАДЫ Толығырақ

СИНТЕТИКАЛЫҚ ЕСІРТКІ САТҚАН ИНТЕРНЕТ-ДҮКЕН АНЫҚТАЛДЫ

17:58, 13 қаңтар 2020

СҚО полицейлері синтетикалық есірткі сатумен айналысҚАН интернет-дүкенді анықтады.  Есірткі саудасын ұйымдастырды деген күдікпен Петропавл қаласының 29 және 30 жастағы тұрғындары ұсталды.  Олардың жалға алынған пәтерінен салуға әзірленген еліткіш заттар табылды. облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің бейнематериалынан толық біле аласыздар.

СҚО Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері синтетикалық есірткі сатумен айналысатын  интернет-магазинді ұйымдастырды деген күдікпен 1989 және 1991 жылдары туған Петропавл қаласының екі тұрғынын ұстады. Жүргізілген жедел жұмыстың барысында олардың қылмыстық іс-әрекеттері ішінара құжатталып, интернет-дүкен жұмысына талдау жасалды.

ЖАНДОС БАСЫБАЕВ, СҚО ПД ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

- 2019 жылы маусым айында Петропавл қаласының аумағында жұмыс істейтін интернет-дүкені СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының назарына түсті. Осы интернет-ресурстың нақты кестесі болған. Нәтижесінде қылмыстық әрекетті құжаттауға және интернет дүкеннің жұмысына толық талдау жасауға мүмкіндік берді.

Олардың жалға алған пәтерінен белгілі орынға салуға дайындалған заттар: «тұз», «спайс» және  жазбалар, сим-карталар, смартфондар алынды. Сонымен қатар, ішінде 250 гр. жуық синтетикалық есірткі бар үлкен полимерлі орама табылды.

- С какой целью храните в шкафу данной квартиры? – Сбыть? – С целью продажи? – Да. – Кому вы продаете? – В Телеграме…

Табылған заттардың  барлығы сараптамаға жіберілді. Аталған факті Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Сотпен екі күдіктіге қатысты «қамауға алу» бұлтарпау шарасы қабылданды. Өткен жылы СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі заттарын сатумен айналысатын 162 интернет-ресурс анықтап, бұғаттады.  Синтетикалық есірткі таратушы үшеуге қатысты тергеу әлі жүргізілуде. Олардың бәрі ұсталды. Одан басқа, 1 есірткі зертханасы анықталды.

 

Тақырып бойынша материалдар

БОРАНҒА БАЙЛАНЫСТЫ ЖОЛДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК КҮШЕЙДІ
18:02, 23 қаңтар 2020
БОРАНҒА БАЙЛАНЫСТЫ ЖОЛДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК КҮШЕЙДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӘБУ ДОСМҰХАМБЕТОВТЫҢ СҮЙЕГІ ТУҒАН ТОПЫРАҒЫНА ӘКЕЛІНЕДІ
13:04, 21 қаңтар 2020
ӘБУ ДОСМҰХАМБЕТОВТЫҢ СҮЙЕГІ ТУҒАН ТОПЫРАҒЫНА ӘКЕЛІНЕДІ
Толығырақ...