ШҰҒЫЛ! ЦИФРЛАНДЫРУ - ЗАМАН ТАЛАБЫ Толығырақ

СИНТЕТИКАЛЫҚ ЕСІРТКІ ТАРАТУШЫЛАР ҰСТАЛДЫ

17:55, 4 қараша 2019

Облыста синтетикалық есірткі сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды. Олар есірткіні әлеуметтік желі арқылы саудаға шығарған. Ұсталған екі күдіктіден де синтетикалық заттар тәркіленді. Тіпті жасырып қойған жерлері анықталып, одан есірткі табылды.

Әлеуметтік желілерді тексеріп, сараптау барысында, облыс орталығында есірткі сатуды жолға қойған қылмыстық топтың әрекеті анықталды. Саудагерді тапқан соң, полицейлер  «тұз» деген атпен белгілі психобелсенді затты сатып алмақ болады.  Операция барысында сатушыны да, жеткізу арнасын да анықтау мүмкіндік болды.  Есірткі жеткізуші – Бескөл ауылының тұрғыны болып шықты. Оның  тұрғылықты жерінен қызметтік-іздестіру иттің көмегімен 6 грамм «спайс» - каннабистің синтетикалық аналогы, 70 грамм «тұз» табылды.  «Қара» нарықта оның құны - 1 400 000 теңге.  Сондай-ақ, есірткі пайдалануға арналған металды және шыны түтікшелер алынды. Екінші сатушы - Петропавл қаласының тұрғынынан салмағы 1 грамм болатын 4 орама «тұзбен», бөлшектеп салу материалы анықталды. Жедел-тергеу іс-шараларын жүргізу барысында Петропавл қаласында 9 жасырын орын анықталды және тығылған есірткі алынды.         Қазіргі уақытта екеуі де қамауға алынып, тергеу жүргізілуде.

 

Тақырып бойынша материалдар

ҚОЯН-ҚОЛТЫҚ ҰРЫСТАН АШЫҚ ТУРНИР АЯҚТАЛДЫ
20:48, 18 қараша 2019
ҚОЯН-ҚОЛТЫҚ ҰРЫСТАН АШЫҚ ТУРНИР АЯҚТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар