ШҰҒЫЛ! ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ОБЛЫСҚА 300-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ ҚОНЫС АУДАРАДЫ Толығырақ

СҚО-ДА ҚЫЛМЫС ДЕҢГЕЙІ 7,4% ТӨМЕНДЕДІ

18:01, 7 ақпан 2020

Облыстың полиция департаменті өткен жылы атқарылған жұмыстар туралы халық алдында есеп берді. Ведомство басшысы Марат Төлебаев халықтың көкейінде жүрген  маңызды мәселелерге баса назар аударып, сұрақтарына жауап берді. Кездесуге селекторлық режимде барлық аудандық полиция бөлімдері қатысты. Әлеуметтік желі арқылы тұрғындар да сауалдарын қоюға мүмкіндік алды.

Полиция департаменті басшысы Марат Төлебаевтың мәліметінше, қылмыс деңгейі 7,4 пайызға төмендеген. 2019 жылы алты мыңнан астам құқық бұзушылық тіркелген, кісі өлтіру 20 процентке азайғанымен, ауыр және аса ауыр қылмыстардың өсімі байқалады. Олар -  ауыр дене жарақаттары мен масаң күйде жасалған бұзақылықтар.

 МАРАТ ТӨЛЕБАЕВ, СҚО ПОЛИЦИЯ ДЕПРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:

- Тек өткен жылы 330 қылмыстың беті ашылған, оның ішінде 1 адам өлтіру, үш ауыр дене жарақаты, 25 алаяқтық, 4 тонау дерегі, бұзақылық және 282 ұрлық оқиғасы. Іздеуде жүрген 83 қылмыскер ұсталды. Денсаулыққа ауыр зиян келтірудің 113 фактісінің 92-і алкогольдік масаң күйінде жасалғаны анықталды.

Ұсақ бұзақылықтарды да незігінен адам мас күйде жасайды екен. Мұндай жағдайлар көбіне шаһардың орталық аумағында орын алады, өйткені бұл жерлерді ойыне-сауық орындары көптеп орналасқан, дейді мамандар. Сондай-ақ мал ұрлығы  бүгінгі таңда өзекті болып отыр. Шал ақын, Ғ.Мүсірепов, Қызылжар, Ақжар және Айыртау аудандарында аталмыш ұрлық түрі басым.

МАРАТ ТӨЛЕБАЕВ, СҚО ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:

- Мал ұрлау - тәжірибе көрсеткендей, жануарлар қараусыз жүрген уақытта жасалады.  Мал ұрлығының алдын алу бойынша бірқатар кешенді шаралар қабылдадық. Әр аудандық полиция бөлімінде қылмыстың осы түрін ашуға мамандандырылған топтар құрылған. 

Былтыр 500-ден астам алаяқтық фактісі анықталды, оның 230-ы интеренет желісінде жасалған. Тағы бір өзекті мәселе бұл –нашақорлық. Заңсыз айналымнан 390 келіден астам түрлі есірткі заттары алынды. 1 келіден асатын синтетикалық есіркі тәркіленді, 2 синтетикалық есерткі дайындайтын жасырын цехтің жұмысы тоқтатылды. Сондай-ақ, Марат Төлебаев осы жылдың 11 қаңтарынан бастап күшіне енген заңнамадағы өзгерістер бойынша бірқатар түсініктемелер жүргізді. 

МАРАТ ТӨЛЕБАЕВ, СҚО ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:

- Енді жүргізуші мас күйінде көлік тізгіндеген болсы алғашында 15 тәулікке қамалып, жеті жылға дейін жүргізуші куәлігінен айырылады. Бұл жаңа заңның аясында 11 қаңтардан бастап, 29 жүргізуші әкімшілік қамауға алынды. Сондай-ақ, отбасы-тұрмыстық қатынастарды реттейтін нормаларға өзгерістер енгізілді. Ең алдымен олар әйел адамдарды қорғауға бағытталған.

Кездесу соңында жиынға қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қоя алды. Сондай-ақ, әлеуметтік желілерде өткізілген тікелей эфир арқылы да облыс тұрғындары толғандырған мәселлер бойынша сауалдарына жауаптарын ести алды.

Жанбота ЕСТАЙҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

«АВТОБУС» ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТІП ЖАТЫР
20:47, 22 қазан 2020
«АВТОБУС» ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТІП ЖАТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
13:05, 23 қазан 2020
БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
Толығырақ...
АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА 4 МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛДІ
13:01, 19 қазан 2020
АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА 4 МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛДІ
Толығырақ...
ӨҢІР ДӘРІГЕРЛЕРІ КОВИД-19 ВИРУСЫНЫҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫНА ДАЙЫН
20:40, 22 қазан 2020
ӨҢІР ДӘРІГЕРЛЕРІ КОВИД-19 ВИРУСЫНЫҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫНА ДАЙЫН
Толығырақ...