ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫНЫҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН ЖИЫН ӨТТІ Толығырақ

СҚО ПД БАСТЫҒЫ ХАЛЫҚ АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРДІ

20:43, 19 қыркүйек 2019

Жыл басынан өңірде қылмыс жасау көрсеткіші  6,8 пайызға азайыпты. Бұл туралы   облыстық полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев   мәлімдеді. Өңірдің бас полицейі Қызылжар ауданының тұрғындарына соңғы 8 айдың көрсеткіштері жайлы айтып, бейне конференция арқылы өңір азаматтарының сұрақтарына жауап берді.

ПД бастығы Марат Төлебаев Қызылжар ауданының тұрғындары алдында есеп берді. Жиын барысында Президент жолдауында айтылған басты мәселелерге тоқталып, аймақтағы криминогендік жағдай туралы хабардар етті. М.Төлебаевтың айтуынша, өңірде қылмыстың 56 пайызын бөтеннің мүлкін ұрлау фактілері құрайды. Және бұл көрсеткіш жыл басынан 2,6 процентке азайыпты.

МАРАТ ТӨЛЕБАЕВ, СҚО ПД БАСТЫҒЫ:

Өңірде қылмыс саны азайып келеді. Оның ішінде кәмелетке толмағандардың тәртіп бұзушылығы 30 пайызға, ұрлық 7, ал бұзақылық 23 пайызға кеміп отыр. Бірақ, қоғамдық орындарда масаң күйде жасалған қылмыстардың саны өсіп келеді. Біз бұл мәселе бойынша жұмыс істеп жатырмыз.

Есеп беруден кейін өңіріміздің бас полицейі азаматтардың сұрақтарына  жауап берді. Игорь Палагин Бескөл ауылының тұрғыны. Құқық қорғау органдарына қызметке  тұру үшін ақпарат алуға жүгініпті.

Жиында тұрғындардың бейнеконференция арқылы да  байланысқа шығуға  мүмкіндіктері болды ПД бастығының  жеке қабылдауына ауданның  3 азаматы  жазылыпты. Ауыл тұрғындарының  өтініштерінің бірі Петропавл – Жезқазған тас жолында жылдамдық өлшегіштерді орнатуға қатысты болды.

Осы жылдағы 8 айдың қорытындысы бойынша 59 іздеуде болған қылмыскер анықталып, 39 іс-түссіз кеткен тұрғын табылған. Сондай-ақ масаң мүйде көлік тізгініне отырған 899 жүргізуші ұсталыпты.  

 

Тақырып бойынша материалдар

«УЧАСКЕ» ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ
20:42, 18 қазан 2019
«УЧАСКЕ» ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар