ШҰҒЫЛ! ҚЫЗЫЛЖАРЛЫҚТАР ТӨЛ МЕРЕКЕМІЗДІ ЕРЕКШЕ АТАП ӨТТІ Толығырақ

СҚО ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ ЕСЕП БЕРДІ

17:50, 6 желтоқсан 2018

Облыста криминалдық жағдай тұрақты. 11 ай ішінде ауыр санаттағы қылмыс 19 пайызға және аса ауыр қылмыс түрі  16,7 пайызға төмендеген, бұл туралы облыстық Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Берік Біләлов облыстық, қалалық және аудандық депутаттар алдында есеп беру кездесуінде мәлімдеді. 11 айда құқық қорғаушылар тағы да қандай қызмет атқарды, қандай жетістіктерге жетті, тілшіміз Самат Сапаралы тарқатады.

Бұл облыстық Полиция департаменті бастығы Берік Біләловтың түрлі дәрежедегі мәслихат депутаттары алдында бесінш есеп беруі. Ал бірер апта бұрын генерал-майор облыс тұрғындары алдында да дәл осындай кездесу өткізген болатын. Мұндай жиындар, қоғамның полицияға деген сенімін арттырады, - дейді Берік Біләлов. Оның сөзінше 11 ай ішінде ауыр санаттағы қылмыс 19 пайызға және аса ауыр қылмыс түрі  16,7 пайызға төмендеген.

БЕРІК БІЛӘЛОВ, СҚО ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ, ПОЛИЦИЯ ГЕНЕРАЛ-МАЙОРЫ:

- Қылмыстардың кешенді алдын алу жұмыстары арқасында қоғамдық орындарда жасалған қылмыс саны пайызға, көшедегісі 11,8, кәмелетке толмағандар ісі 27, бұрын сотталғандар қылмысы 15, мас адамдар әрекеті 25,7, ұрлық 8 және көлік ұрлау фактісі 28 пайызға төмендеді. Сонымен қатар 11 айдың ішінде өткен жылдардың 503 қылмысы да әшкереленді, оның 2-еуі адам өлтіру бойынша, 10-ы ауыр қылмыстар қатарында.

Осы жылы полицейлер іздеуде жүрген 74 азаматты темір торға тоғытса, із-түссіз жоғалған 43 адамның мекен-жайын анықтады. Іздеуде жүрген қылмыскерлерді анықтау бойынша РФ шекаралас өңірлерімен келісім бар, осы арқылы ресейлік 24 қылмыскер СҚО аумағынан ұсталған.

БЕРІК БІЛӘЛОВ, СҚО ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ, ПОЛИЦИЯ ГЕНЕРАЛ-МАЙОРЫ:

- Жыл басынан облыста 134 мың адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған, оның 85 мыңы жол ережелерін бұзғаны үшін. Оларға тәртіп сақшылары 528 млн. 420 мың теңге айыппұл салып, оның 70 пайызы төленді. Көлік салығынан 1 млрд. 165 млн. теңге мемлекетке қайтарылды. 11 айда 1345 жүргізуші мас күйінде ұсталып, оның 984-і жүргізуші куәлігінен айырылған.

Департамент бастығы ауылдарды аралап, тұрғындармен жиі кездесу өткізеді, участкелік полицейлердің жұмысын қатаң бақылайды. Оның сөзінше участкелік полицейлер өз аумағындағы әрбір отбасының мүшелерін жақсы білуі тиіс, тәртіпті сақтаудан бөлек, қоғамдық өмірге де белсене араласуы қажет. Атқарған істері мен жеткен жетістіктері үшін Полиция департаменті ең ашық ведмоства деп танылды.

ҚАЙЫРЛЫ ЕДІРЕСОВ, СҚО ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ТӨРАҒАСЫ:

- Облыстық полиция департаменті халық алдында ашық түрде өткізетін кездесулер өткізеді, БАҚ және әлеуметтік желіде белсенді, ауылды жерлердегі қоғамдық қабылдаулар мен консультативті-кеңес жұмысы азаматтық қоғам алдында беделін арттырады. Осы жылы департамент көптеген жеткістіктерге жетті. Осыларды ескере отырып, облыстық қоғамдық кеңестің шешімімен Полиция департаменті ең ашық облыстық ведмоства деп танылды.

Бұл күні генерал-майор Берік Біләлов тәртіп сақшыларына жан-жақты көмек көрсетіп, ішкі істер органының күнделікті жұмысын сапалы етуге және имиджін қалыптастыруға қосқан үлесі үшін бірқатар депутаттар мен қоғам қайраткерлері арнайы төсбелгілер мен алғыс хаттарға ие болды.

ЖАРАСБАЙ СҮЛЕЙМЕНОВ, «ҚЫЗЫЛЖАР-АҚПАРАТ» ЖШС ДИРЕКТОРЫ, ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ:

- Қоғамдық тәртіп жақсарған, қылмыс азайған, жалпы ахуалдың тұрақтылығы байқалады, осының бәрін біз өзіміз де қаланың тұрғыны ретінде көріп жүрміз, көз жеткізіп жрміз. Оның үстіне біз журналист болғаннан кейін, полиция департаментімен тығыз қатынаста жұмыс істеп келе жатырмыз. Жалпы айта кету керек, бұл ұжымға ашықтық тән, жетістіктерін халыққа жеткізіп отырады, кемшіліктерін де жасырмай айтып, оны түзетудің жолдарын іздестіреді.

Полицейлер қоғамдық тәртіптен бөлек, өнерден де кенде емес. Биыл олар Талдықорған қаласында өткен республикалық «Парасатты полицей» байқауының гран-при жүлдесін жеңіп алды. Сонымен қатар, Павлодарда өткен «Ел жүрегі астана» байқауынла бірнеше номинация бойынша үздік деп табылды. Осы және басқа да жетістіктерін ескерген депутаттар департамент жұмысын «жақсы» деп бағалады.

Самат САПАРАЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

МҰРАЖАЙДА ҚАБЫЛДАНҒАН АЛҒАШҚЫ АНТ
21:10, 12 желтоқсан 2018
МҰРАЖАЙДА ҚАБЫЛДАНҒАН АЛҒАШҚЫ АНТ
Толығырақ...
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
20:49, 11 желтоқсан 2018
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰҒЫРЫМ» АТТЫ ЖАС АҚЫНДАР МҮШӘЙРАСЫ ӨТТІ
14:59, 12 желтоқсан 2018
«ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰҒЫРЫМ» АТТЫ ЖАС АҚЫНДАР МҮШӘЙРАСЫ ӨТТІ
Толығырақ...
ҰМЫТ БОЛҒАН ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР ЖАҢАРУДА
21:34, 10 желтоқсан 2018
ҰМЫТ БОЛҒАН ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР ЖАҢАРУДА
Толығырақ...
ПЕТРОПАВЛДА РЕСПУБЛИКАДА БАЛАМАСЫ ЖОҚ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
20:31, 11 желтоқсан 2018
ПЕТРОПАВЛДА РЕСПУБЛИКАДА БАЛАМАСЫ ЖОҚ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Толығырақ...