ШҰҒЫЛ! АБЗАЛ ЖАНДАР МАРАПАТТАЛДЫ Толығырақ

STREET-ART ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫ

21:10, 16 мамыр 2019

Полицейлер Петропавл қаласының тұрғындарына үй қабырғаларында жазлыған  есірткі сайттарының атауларын өшірудің жаңа тәсілін ұсынып отыр. Олар ұсқыны кеткен қабырғаларға жаңа сурет салуды жөн дейді. Тіпті үлгі ретінде арнайы стрит арт суретшіні де шақырып, нәтижесін көрсетті. Толығырақ облыстық полиция ведомствосы баспасөз қызметінің бейнематериалында.

Нұрсұлтан Назарбаев көшесіндегі екі үйді қосып тұрған арка «Дарын» мектеп-лицейінің жанында орналасқан. Бұл жерден күн сайын жүздеген бала өтеді. Енді есірткі сататын сайттардың жарнамасының орнына гүлдер мен көгершіндердің суреті пайда болды.

СТАНИСЛАВ АЛЕРТ, STREET-ART СУРЕТШІ:

- Бұл стрит-артты біз 2 күн бойы үздіксіз жұмыс істеп салдық. Мені есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қолдады, маған осындай мүмкіндік бергендері үшін өте ризамын.Шын мәнінде, мен барлық жерді көз тартатындай әсерлі етіп  салғым келді, қала тұрғындарына ұнайды деп ойлаймын.

Полицейлер СҚО әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасымен және Жастар ресурстық орталығымен бірлесіп «Стрит-арт есірткіге қарсы» ұранымен акция өткізді. Оған «Дарын» және № 42-ші мектептің жоғары сынып оқушылары шақырылды.

МАРАТ ӘУБӘКІРОВ, № 42 МЕКТЕПТІҢ 10-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ:

- Біз жас ұрпақпыз біздің өмірімізде есірткі деген ұғым жоқ, біз оны қабылдамаймыз және жастарға да кеңес бермейміз.

Полицейлер туған қаласының тағдырына бей-жай қарамайтын барлық адамдарды акцияны қолдауға шақырады. Қауіпті жазуларды тұрғындардың өз бетінше бояуға мүмкіндіктері бар, олар туралы полицияға хабарлай алады. Мысалы, WhatsApp мессенджерінде 8-707-500-96-65 нөміріне қоңырау шалуға болады.

ИВАН ТЕРЗИДИ, СҚО ІІД ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Синтетикалық препараттар таратылатын жарнамалау сайттарымен күрес біздің қала үшін өзекті мәселе болып қала береді.«Street art есірткіге қарсы!» жазуын жазып, шағын логотипімізді бейнеледік. Біз барлық жас дарындарды осындай жобаларды іске асыруға шақырамыз. Есірткіге «жоқ!» деп, түрлі суреттермен қаламызды безендірейік.

Полицейлер «Street art есірткіге қарсы» акциялардың тұрақты өткізіліп тұруына және түрлі флеш-мобтардың ұйымдастырылуына барлық мүмкіндіктер жасалатынына сенім білдіреді. Бұл арада тұрғындар да белсенділік танытулары қажет.

Тақырып бойынша материалдар

ПЕТРОПАВЛДА ЖҰРТТЫ АЛДАҒАН АЛАЯҚ ҰСТАЛДЫ
17:54, 13 маусым 2019
ПЕТРОПАВЛДА ЖҰРТТЫ АЛДАҒАН АЛАЯҚ ҰСТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар