ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ ТЕКСЕРІЛДІ Толығырақ

СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСУ

20:45, 12 ақпан 2020

Полицейлер «Заңгер» клубына мүше М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің студенттерімен кездесу өткізді. Аталған клуб 2019 жылы құрылған, «Заңтану» мамандығы бойынша білім алып жатқан 2-4 курс студенттерін біріктіреді. Облыстық Полиция департаментінің Тергеу басқармасы айына 2 рет студенттерге полицейлермен түрлі кездесу ұйымдастырып тұрады.

Осы жолғы кездесуде есірткі тақырыбы талқыланды. СҚО Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі   Жанар Байғазина синтетикалық есірткінің таралуы, жастардың нашақорлыққа тартылуы сияқты өзекті мәселелер жайлы айтып берді. Әсіресе 18-30 жас аралығындағы жастар есірткінің шырмауына оңай ілігеді. Психологиялық денсаулық орталығының мәліметіне сәйкес, облыста «нашақорлық» диагнозымен 150 жас жігіт пен қыз есепте тұр, одан басқа 15-17 жас аралығындағы  7 жасөпірім де бар. Облыста 36 адам синтетикалық психобелсенді затты пайдаланушы нашақор ретінде тіркелген.

ЖАНАР БАЙҒАЗИНА, СҚО ПД ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ:

- Студенттер арасында кездесу өткізіп, оларға есірткіні, психобелсенді препараттарды, жаңа препараттарды, тұздар мен спайстар сияқты «дизайнерлік» есірткі түрлерін қолданудан соң туындайтын салдары туралы айттық. Бұдан бөлек, біз бүгін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке көңіл бөлдік.

Синтетикалық есірткілер интернет-ресурстар арқылы сатылатыны, сілтемелері үйлердің қабырғаларында жиі-жиі кездесетіні айдан анық. Енді «есірткі граффити» авторлары жасаған қылмысының ауырлығына қарай 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

МӘДИНА ӨТЕГЕНОВА,СТУДЕНТ:

 - Нашақорлыққа іліккен адамдардың артқа баратын жолы жоқ) 00:30-00:32 (Өйткені ол адамның ағзасын ғана емес, психикалық жағынан да теріс әсерін тигізуі мүмкін.

Заңгер мамандығына оқып жатқан студенттер – полицейлердің басты «кадр резерві» болып табылады. Ал «Заңгер» клубының мүшесі болу мамандық таңдауға бастама болып табылады, - дейді полиция қызметкерлері. Облыстық Полиция департаменті мен Солтүстік Қазақстан университеті арасында жасалған ынтымақтастық туралы меморандумға сәйкес, ҚР ІІМ оқу орындарына алғашқы даярлыққа оқуға жіберілетін барлық түлектер Департамент тарапынан қолдауға ие болады.

Тақырып бойынша материалдар

АЗАМАТТАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
20:50, 20 ақпан 2020
АЗАМАТТАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫС ӘКІМІ ЖАРАСБАЙ СҮЛЕЙМЕНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ
17:52, 19 ақпан 2020
ОБЛЫС ӘКІМІ ЖАРАСБАЙ СҮЛЕЙМЕНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...