ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫНЫҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН ЖИЫН ӨТТІ Толығырақ

ТӘРТІП ПЕН ТАЗАЛЫҚ – ОРТАҚ МІНДЕТ

20:55, 17 қыркүйек 2019

Тәртіп пен тазалық өңір полицейлерінің назарында. Жыл басынан облыста абаттандыру ережелерін бұзудың 6700-ден астам дерегі тіркелді. Нәтижесінде 169 адамға айыппұл салынды. Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі әзірлеген бейнематериалға назар аударайық.

Полиция қызметкерлері профилактикалық жұмыс барысында елді мекендердің абаттандырылуына, тазалық пен тәртіптің және сәулет құрылыстарының сақталуына ерекше көңіл бөледі. Абаттандыру ережелерінің бұзушылықтарын анықтау мен олардың алдын алу - учаскелік полиция инспекторларының үлесінде. Тек тамыз айында қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 505-бабы «Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу» бойынша 156 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады.

РУСЛАН ШӘКІРОВ, ПЕТРОПАВЛ Қ. ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ ИНСПЕКТОРЫ:

- Қалалық Полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторлары абаттандыру ережелерінің бұзушылықтарын анықтауға бағытталған рейдтік іс-шараларды үнемі өткізіп тұрады. Мұндай бұзушылық үшін Әкімшілік кодекстің 505-бабы бойынша жаза қарастырылған. Ол айыппұл салу және ескерту беру түріндегі жауапкершілікті көздейді.

Облыс орталығы аумағында 13 учаскелік полиция пункті орналасқан. Күн сайын қаланың абаттандырылу жағдайын қадағалау мен құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін 50-ден астам учаскелік полиция инспекторы жұмылдырылады. Әкімдік өкілдерімен бірлесіп 57 рейдтік іс-шара өткізіліпті. Олардың барысында барлық меншік нысандарының, жеке аулалардың иелерімен, пәтер иелері кооперативтерінің төрағаларымен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жадынамалар таратылған. Заңды қасақана бұзушыларға әкімшілік жаза бар. Жыл басынан 3 миллион 636 мың теңге айыппұл салынған.

- Вы напишите что-то? – Нет! Сейчас мы ничего не будем писать, сейчас мы просто предупредим, что данное правонарушение  предусматривает административный штраф: 20 МРП. – А нарушение какое? – Нарушение правил благоустройства, статья 505 Кодекса РК об адмправонарушениях.

Барлық меншік иелері өз аумақтарында өсіп кеткен шөпті уақтылы шауып, қоқыстарды дер кезінде шығарып, тазалық пен тәртіпті сақтаулары қажет. Полицейлер тұрғындарды ақпараттандырып, әкімшілік заңнаманың нормаларын түсіндіреді.

Тақырып бойынша материалдар

«УЧАСКЕ» ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ
20:42, 18 қазан 2019
«УЧАСКЕ» ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар