ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТА ЕКІНШІ АДАМДА КОРОНАВИРУС РАСТАЛДЫ Толығырақ

ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ КҮШЕЙТІЛГЕН ТӘРТІПТЕ ҚЫЗМЕТ АТҚАРАДЫ

20:47, 16 наурыз 2020

Облыстағы қоғамдық орындар мен халық көп шоғырланатын жерлерде тәртіп қатаң назарға алынады. Енді әр тәулік сайын 200 – ден астам тәртіп сақшысы халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Тілшіміз баяндасын.

 НҰРСҰЛТАН ТІЛЕКТЕСОВ, ТІЛШІ:

- Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елде төтенше жағдай жариялады. Осыған байланысты мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатаң режимде жұмыс істеуге көшті. Бұдан былай теміржол вокзалы мен спаржайда қатаң санитарлық жұмыс жүргізуде. Яғни өңірімізден шығуға және кіруге түбегейлі тыйым салынады.

Осы ретте қоғамдық орындардағы тәртіпке баса мән берілмек.  Хлықтың қаіпсіздігін қамтамасыз етуге тәулік сайын 200-ден астам тәртіп сақшылары жұмылдырылмақ.  Халық көп шоғырланатын сауда үйлері, ойын-сауық орталықтары мен кинотеатрлар уақытша жабылды.

БАЯН БАЙҒАСКИНА, СҚО ПД ЖПҚБ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:

Төтенше жағдай жарияланумен СҚО ПД қызметкерлері күшейтілген режимге ауысып, қызметкөрсетуде. Адамдардың жаппай жиналу орындарында кезекші жасақтарының саны ұлғайтылды. Ал жалпы айтқанда облысымыздағы жағдай тұрақты.

Мемлекет басшысының айтуынша төтенше жағдай 30 күнге созылады. Егер қажет болып жатса ол ұзартылуы ықтимал. Айта кететін маңызды жайт түрлі ойын-сауық, сауда нысандары уақытша жабылғанымен, азық-түлік дүкендері жұмысын тоқтатпайды.

НҰРСҰЛТАН ТІЛЕКТЕСОВ, ТІЛШІ:

- Бүгінде коронавирус әлемнің 80-нен астам еліне тарап үлгерді. Қазірге таңда Қазақстанда 9 азамат аталған дертке шалдықты деген мәлімет бар. Бірақ президент халықты дүрлікпеуге шақырады, өйткені мемлекетімізде коронавирусқа қарсы күресуге барлық жағдай жасалынған және дәрі-дәрмекке қажетті мөлшерде қаржы бөлінді.

Нұрсұлтан ТІЛЕКТЕСОВ

Тақырып бойынша материалдар

КӨШІ-ҚОН ҚЫЗМЕТІМЕН БАЙЛАНЫСТЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ КӨРСЕТУ ТОҚТАТЫЛДЫ
20:41, 27 наурыз 2020
КӨШІ-ҚОН ҚЫЗМЕТІМЕН БАЙЛАНЫСТЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ КӨРСЕ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ИНТЕРНЕТ АРҚЫЛЫ ТАПСЫРЫС ЖАСАЙТЫНДАР АРТТЫ
17:18, 27 наурыз 2020
ИНТЕРНЕТ АРҚЫЛЫ ТАПСЫРЫС ЖАСАЙТЫНДАР АРТТЫ
Толығырақ...