ШҰҒЫЛ! ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫ БӘСЕҢСІМЕЙДІ Толығырақ

ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ САУАЛДАРЫНА ЖАУАП БЕРДІ

20:43, 14 ақпан 2020

Жаяу жүргіншілер өтпелерінің болмауы, дұрыс жұмыс істемейтін бағдаршамдар немесе олардың мүлдем болмауы. Жолда қабылдау науқаны  аясында өңір тұрғындары полицейлерге жол ережелері мен қауіпсіздігіне қатыстиы өзге де сауалдарын жолдай алды.Мұндай акция қаламызда осымен 11-ші рет ұйымдастырылуда. 

Енді солтүстікқазақстандықтар өздерін толғандырған сауалдарын тәртіп сақшыларына үйден шықпай-ақ қоя алады. Бұл науқан 11ші рет өткізіліп жатқандықтан, мамандар әрдайым әлеуметтік желілерде қызылжарлықтармен тікелей эфирде байланысқа шығады. Олег Калгановты қиылыстардан қауіпсіз өту мәселесі алаңдатады.

ОЛЕГ КАЛГАНОВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

- Осипенко-Партизан  көшелерінің қиылысында, әсіресе Партизан көшесінен солға және Осипенкодан оңға бұрылғанда белгі дұрыс орналастырылмаған. Оны дұрыстауға болады ғой. Мұнымен қоса,  Жамбыл-Мұқанов көшеларінің қиылысында 102 нөміріне қоңырау шалып, онда апатты жағдай орын алғанын хабарладым, кейін Мұқанов көшесінің қиылысында 5 секундтан кейін жаяу жүргіншілер мен жүргізушілерге арналған қызыл плюс жанды, бұл нонсенс. Яғни, қызыл белгі жанған соң солға бұрыламыз, ал жаяу жүргінщілер осы кезде арғы жаққа өтеді.

Тәртіп сақшылары осы мәселелерді шешуге уәде берді. Осы жол қиылыстары бойынша тексеру жүргізіп, тиісті шешім қабылдайтын арнайы топ құрылатын болады.  

ЖАСҰЛАН ОСПАНОВ, ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

- Бұл науқанның басты мақсаты тұрғындар арасында автокөлік құралдарын тіркеу, айыппұл төлеу бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу. Адамдар жол белгілерін орнату бойынша жүгінеді. Ең жиі кездесетін сұрақтар жаяу жүргіншілер өткелдері, бағдаршамдарды орнату және қазіргі уақытта қарды тазалау.

Осы орайда науқанның тікелей эфир режимінде өткізілуі тәртіп сақшыларына үлкен аудиторияны қамтуға мүмкіндік беретінін айта кеткен жөн. Бүгін олар бір сағат ішінде 30 сұраққа жауап беріп, 7 адамды қабылдады.

Тақырып бойынша материалдар

ИНТЕРНЕТ АРҚЫЛЫ ХАЛЫҚТЫ АЛДАУ КӨБЕЙДІ
20:41, 18 наурыз 2020
ИНТЕРНЕТ АРҚЫЛЫ ХАЛЫҚТЫ АЛДАУ КӨБЕЙДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ИНТЕРНЕТ АРҚЫЛЫ ТАПСЫРЫС ЖАСАЙТЫНДАР АРТТЫ
17:18, 27 наурыз 2020
ИНТЕРНЕТ АРҚЫЛЫ ТАПСЫРЫС ЖАСАЙТЫНДАР АРТТЫ
Толығырақ...