ШҰҒЫЛ! БАСЫМ САЛАЛАРҒА ИНВЕСТИЦИЯ МОЛЫНАН ТАРТЫЛДЫ Толығырақ

ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ ПОЛИЦЕЙЛЕР

18:06, 1 қараша 2019

«Полицияға қызметке қалай орналасуға болады?», «Полицейлердің с-әрекетіне шағымдану үшін қайда жүгіну қажет?» - осы сұрақтар әлеуметтік желілердің белсенді пайдаланушылары мен бөлініс басшыларының арасында талқыланды. Кезекті тікелей эфир Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің аккаунттарында жеке құрам арасында тәртіп пен заңдылықты сақтау, ішкі істер органдарына жұмысқа орналасу тақырыбымен өтті.

Бұл жолы тікелей эфирге СҚО ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Арман Атанов шықты.  Ол  полиция қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық көріністері және басқа да бұзушылықтарға қарсы күрес бойынша бөлініспен қабылданып жатқан профилактикалық шаралар туралы айтты.  Биыл сыбайлас жемқорлыққа қатысты 5 қылмыс анықталып, кінәлілер жазаға тартылды. Сондай-ақ, тәртіптік түрде олардың тікелей басшылары да жауап берді. Бір сағаттық эфир барысында түскен сұрақтардың бәрі талқыланды. Түскен шағымдар бойынша қосымша тексеріс жүргізіледі.

АРМАН АТАНОВ, СҚО ПД ӨЗІНДІК ҚАУІПСІЗДІК БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Егер де сізді жұмысқа қабылдау кезінде заңға қайшы қандайда бір әрекет жасалған болса бізге жүгінуіңізге болады. Біз ақпаратты тексеріп, ол расталған жағдайда тиісті амалдарды қолданамыз.

Қолданушылардан келіп түскен 30-ға тарта сұрақ ішкі істер органдарына қызметке орналасу тәртібіне қатысты болды. Кадр саясаты басқармасының бастығы Наталья Калинина осы сұрақтарға жауап бере отыра, ІІМ Қазақстанның қазіргі заман полицейінің стандартын әзірлегенін айтты. Бүгінгі күні құжат ашық талқылануда.

НАТАЛЬЯ КАЛИНИНА, СҚО ПД КАДР САЯСАТЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

- Әлеуметтік желілердің пайдаланушыларын негізінен ІІО-на жұмысқа және ІІМ-нің жоғарғы оқу орындарына түсу тәртібі, жаңа полицияның стандарты мен жаңа киім үлгісі бойынша сұрақтары қызықтырды. Барлық сұрақтарға толық жауап беріліп, ІІО-на жұмысқа орналу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Халықпен кері байланысты орнататын «қауырт желі» облыстық полиция ведомствосында апта сайын сәрсенбі күндері өтеді.  Келесі аптада тікелей желіге Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы және қалалық полиция бөлінісі басшылығы қатысады. Сондай-ақ, эфир барысында WhatsApp телефоны жұмыс істейді.

Жанбота СЕНТАЕВА

 

Тақырып бойынша материалдар

АВТОБУС ЖҮРГІЗУШІСІН ТОНАМАҚ БОЛҒАН ҰРЫ ҰСТАЛДЫ
20:40, 10 шілде 2020
АВТОБУС ЖҮРГІЗУШІСІН ТОНАМАҚ БОЛҒАН ҰРЫ ҰСТАЛДЫ
Толығырақ...
СИНТЕТИКАЛЫҚ ЕСІРТКІ САТҚАН БОЙЖЕТКЕН  ҰСТАЛДЫ
20:50, 8 шілде 2020
СИНТЕТИКАЛЫҚ ЕСІРТКІ САТҚАН БОЙЖЕТКЕН ҰСТАЛДЫ
Толығырақ...
САЯЖАЙ УЧАСКЕЛЕРІ  АТТЫ  САҚШЫЛАРДЫҢ НАЗАРЫНДА
17:22, 7 шілде 2020
САЯЖАЙ УЧАСКЕЛЕРІ АТТЫ САҚШЫЛАРДЫҢ НАЗАРЫНДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АУДАНДА АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН АЙШЫҚТЫ ІСТЕР
17:18, 8 шілде 2020
АУДАНДА АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН АЙШЫҚТЫ ІСТЕР
Толығырақ...