ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСҚА 8 ЖЫЛЖЫМАЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КЕШЕН ӘКЕЛІНДІ Толығырақ

ТҰРҒЫНДАРҒА ТЫНЫШТЫҚ КЕРЕК

20:40, 7 тамыз 2020

Күн батысымен көше кезіп зуылдаған «байкерлер» тұрғындардың ығырына тиді. Мазамызды алды деп тәртіп сақшыларына арызданған тұрғындар тыныштықты қалаймыз дейді. Адамдардың мазасын алатын мотошабандоздарға қарсы қандай шаралар қолдалып жатыр? Келесі бейнематериалдан көріңіздер.

Күннің ыстығына байланысты тұрғындардың көпшілігі терезелерін ашып ұйықтауға мәжбүр. Тиісінше түн ұйқысы төрт бөлініп, мазалары кетеді. Себеп түңгі жарысты жақсы көретін байкерсымақтар улап-шулап, құлақ жаратын мотоциклінің дауысымен азаматтардың әбден ығырын шығарған. Амалдың жоқтыған полицейлерге хабарласыпты. Тәртіп сақшылары қоңырау түскен бойда сол ауданды бақылауға алады, ал тамыздың бесінен бастап мотоцикл иелеріне қатысты акция да ұйымдастырыпты. Күні-түні рейд жүргізіп, 5 азаматқа қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Құқық қорғау саласы қызметкерлерінің айтуынша, тұрғындардың тыныштығын мотоцикшілерден бөлек басқа да транспорт иелері де бұзады.

САМАТ ЕМЕНАЛИН, ПОТРУЛЬДІ ПОЛИЦИЯ БАТАЛЬОНЫНЫҢ ИНСПЕКТОРЫ;

- Бүгін тыныштықты бұзуға қатысты рейд өткіздік. Н.Назарбаев пен К.Сүтішев көшесінің қиылысында ВАЗ-2112 автокөлігінің иесі темір тұлпарын оталған күйінде қалдырып кеткен. Тиісінше, машинаның дыбысы жақын маңдағы тұрғындарпдың мазасын алған. Автокөлік иесіне қатысты әкімшілік жауапкершілік толтырылды .

Ал, мына азамат көлігін жақында ғана сатып алыпты. Онымен әрлі-берлі жүрген соң кемшіліктері байқалып, қатты дыбыстар шығара бастапты.

- Ну, остановили меня за нарушение тишины. Прогорел глушитель. Машина не новая.

Екі күндік рейдтің нәтижесі бойынша тәртіп сақшылары тыныштықты бұзуға қатысты 110 дерек анықтады.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ПОЛИЦЕЙЛЕР 60 КГ ЖУЫҚ МАРИХУАНА ТӘРКІЛЕДІ
20:43, 29 қазан 2020
ПОЛИЦЕЙЛЕР 60 КГ ЖУЫҚ МАРИХУАНА ТӘРКІЛЕДІ
Толығырақ...
ОБЛЫСТА ЖЫЛ БАСЫНАН МАС КҮЙДЕ 701 ҚЫЛМЫС ЖАСАЛҒАН
13:05, 29 қазан 2020
ОБЛЫСТА ЖЫЛ БАСЫНАН МАС КҮЙДЕ 701 ҚЫЛМЫС ЖАСАЛҒАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«AGROKOMEK» ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
17:18, 26 қазан 2020
«AGROKOMEK» ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...