ШҰҒЫЛ! КӨКШЕТАУДЫҢ КӨРКЕЙГЕНІ – ЕЛ ҮШІН МАҢЫЗДЫ Толығырақ

ТҰРҒЫНДАРМЕН БАЙЛАНЫС

20:43, 16 қазан 2019

Облыс полицейлері әлеуметтік желілілерде тұрғындармен тікелей эфирде апта сайын жүздеседі. Халықтан көбіне мүлікке қатысты  қылмыстар және интернет-алаяқтық туралы  сұрақтар түседі. облыстық полиция Департаменті  баспасөз қызметі дайындаған материалда толығырақ.

Өңірдегі криминогендік жағдай тұрақты. Жыл басынан бері қылмыстың 7,5 пайызға төмендегені байқалады. Іздестіру қызметіне ерекше көңіл бөлінеді: 63 қылмыскер ұсталды, 47 із-түссіз жоғалған жанның  мекен-жайы анықталды. Тікелей эфир аясында полицейлер соңғы уақытта кең тараған қылмыстардың: интернет-алаяқтық түрлерінің алдын алуға баса назар аударды.  

МАДИЯР ХАРИПОВ, СҚО КД КРИМИНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ:

- Бізде бөтен мүлікті ұрлауға қарсы іс-қимыл бағдарламасы бар. Бағдарлама аясында аумақтық бөлімшелердің қызметкерлері қылмыстың алдын алу шараларын, соның ішінде аудандық газеттер арқылы жүргізіледі.

Тікелей эфир барысында  интернет пайдаланушылардан 28 сұрақ келіп түсті. Олардың әрқайсысына облыстық криминалдық полицияның бірінші басшысы жауап берді. Соңында полицейлер интернет-алаяқтардың құрбаны болмау туралы тағы да еске салды.  Сондай-ақ, бейтаныс адамдарға құжаттардың суреттерін жібермеу, банкоматтың чектерін тастамау, смартфонның экранына міндетті түрде құпия сөзді немесе графикалық кілтті орнату туралы кеңес берілді. 

ПЕТР КЛИМОВ, СҚО ЖП КРИМИНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

- Ешкімге өзінің жеке деректерін, сондай-ақ банк картасының деректемелерін, операциялар кезінде үшінші тұлғаларға SMS арқылы келетін кодтарды бермеу керек. Сондай-ақ күмәнді мәмілелерден бас тарту қажет: интернет кеңістіктің жарнамалық сайттары арқылы сатып алу, сату.

Facebook және Instagram әлеуметтік желілерінде, Солтүстік Қазақстан полициясы бөлімшелерінің басшылығымен тікелей эфир апта сайын өткізіледі.  Кезекті эфир келесі сәрсенбі күні өтеді. Байланысқа  Тергеу басқармасының бастығы шығады.

Жанбота СЕНТАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

ПЕТРОПАВЛДА КӘМЕЛЕТТІК ЖАСҚА ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН 2 ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАСЫ БОЛДЫ
20:43, 14 қараша 2019
ПЕТРОПАВЛДА КӘМЕЛЕТТІК ЖАСҚА ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН 2 ЖОЛ...
Толығырақ...
«102» НӨМІРІНЕ 67 МЫҢНАН АСА ХАБАРЛАМА ТҮСТІ
20:45, 12 қараша 2019
«102» НӨМІРІНЕ 67 МЫҢНАН АСА ХАБАРЛАМА ТҮСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҮМЕНДЕГІ ҚАЗАҚ БАЛАЛАРЫНА 200 КІТАП СЫЙҒА БЕРІЛДІ
13:07, 12 қараша 2019
ТҮМЕНДЕГІ ҚАЗАҚ БАЛАЛАРЫНА 200 КІТАП СЫЙҒА БЕРІЛДІ
Толығырақ...