ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫНА ҮНДЕУ ЖАСАДЫ Толығырақ

УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ ИНСПЕКТОРЛАРЫНЫҢ МӘРТЕБЕСІН АРТТЫРУ

20:38, 23 қыркүйек 2020

ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаментінің бастығы Думан Таев ведомство бөлімшелерінің басшыларымен кездесті. Талқыға түскен басты тақырып  – Мемлекет басшысының Жолдауы, соның ішінде қолжетімді болуы тиіс учаскелік полиция инспекторларының мәртебесін арттыру.

Бұл үшін қазірдің өзінде тиісті шаралар қабылдануда, оның ішінде әлеуметтік пакетті кеңейту де бар. Жұмыс  "сервистік модель" яғни,  адамдардың өтініш-арыздарын есту және оларға бірден жауап беру, ден қою қағидаты арқылы құрылады. Тағы бір негізгі бағыт - жаппай бейнебақылауды енгізу. ІІМ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне де ерекше назар аударады. Қызметтің барлық салаларына енгізілетін цифрлық технологиялар осы шараларды іске асыру платформасына айналды. Қылмыстық істерді тергеу кезең-кезеңімен электрондық форматқа ауыстырылады, мемлекеттік қызметтер де электрондық түрде қолжетімді болады. Бүгінде елімізде 230 мыңға жуық бейнекамера жұмыс істейді, олардың көмегімен жыл сайын 5 мыңнан астам қылмыс ашылып, 400 мыңға дейін әкімшілік құқық бұзушылық анықталады.  Ішкі істер органдарының жұмысын оңтайландыру жолындағы елеулі қадам патрульдік полицияны планшеттермен, бейнетіркегіштермен және терминалдармен жарақтандыру болды.

ДУМАН ТАЕВ, ҚР ІІМ КРИМИНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ:

«Бұл хаттамаларды толтыру уақытын қысқартады, айыппұлдарды сол жерде төлеуге мүмкіндік береді "Жол қозғалысы туралы" Заңға жүргізушілердің өзімен бірге жүргізуші куәлігін, техникалық паспортты, сақтандыру полисі сияқты құжаттарды алып жүру қажет  емес деген түзетулер әзірленді. Ол құжаттардың бар-жоғын ведомстволық ақпараттық жүйелер арқылы бақылауға болады.  Әкімдердің қолдауымен бейнебақылау жүйелері, соның ішінде жол қозғалысын интеллектуалдық бақылау жүйелері дамуда.»  00428 04:24-04:56

 

Тақырып бойынша материалдар

«АВТОБУС» ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТІП ЖАТЫР
20:47, 22 қазан 2020
«АВТОБУС» ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТІП ЖАТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА 4 МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛДІ
13:01, 19 қазан 2020
АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА 4 МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛДІ
Толығырақ...
ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАСЫНДА БАЛА ЗАРДАП ШЕКТІ
17:20, 19 қазан 2020
ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАСЫНДА БАЛА ЗАРДАП ШЕКТІ
Толығырақ...