ШҰҒЫЛ! ТӘРТІПКЕ БАҒЫНБАҒАНДАР АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙДІ Толығырақ

ҰРЫЛАР ҰСТАЛДЫ

17:23, 31 наурыз 2020

Петропавл қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері пәтер тонап, қалтаға түскен ұрыларды ұстады.

Павлодар қаласының 31 жастағы және Алматы қаласының 38 жастағы тұрғындары жұптасып әрекет ету үшін Петропавл қаласына наруыз айының алғашқы жартысында келген. Олар пәтер тонап, қалта ұрлығымен айналысуды кәсіпке айналдырған екен. Екеуі де бұрын осыған ұқсас қылмыстар жасағаны үшін бірнеше рет істі болған. Пәтерлерден – 5, сауда сөрелерінен – 2 және 1 қалта ұрлығы – полиция қызметкерлері қалаға келген «меймандардың» 8 қылмысқа қатыстылығын дәлелдеді. Жедел уәкілдер барлық фактілерді салыстыра отырып, бейнекамералардағы жазбаларды тексеру нәтижесінде олардың ізіне түскен. Қазіргі уақытта күдіктілерге қатысты «қамауға алу» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

ЕРБОЛ ҚАПТАЕВ, ПЕТРОПАВЛ Қ. ПБ КРИМИНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ БӨЛІМШЕ БАСТЫҒЫ:

- Аталған фактілерге қатысты ҚР Қылмыстық кодексі 188-бабының 1 және 3-бөліктері «Ұрлық» бойынша сот алды тергеу жүргізілуде. Бұл баптың санкциясы мүлікті тәркілеумен үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді. Полицейлер ұсталған тұлғалардың басқа да осындай қылмыстарға қатыстылығын тексеруде.

 

Тақырып бойынша материалдар

КӨЛІКТІ ЗАҢСЫЗ ҚАЙТА ЖАБДЫҚТАҒАНДАРҒА АЙЫППҰЛ САЛЫНАДЫ
20:41, 26 мамыр 2020
КӨЛІКТІ ЗАҢСЫЗ ҚАЙТА ЖАБДЫҚТАҒАНДАРҒА АЙЫППҰЛ САЛЫНАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар