ШҰҒЫЛ! ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ ҚАЛАДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС АЛАҢДАРЫН АРАЛАДЫ Толығырақ

ВЕЛОСИПЕД ТІЗГІНДЕГЕНДЕР БАСТЫ НАЗАРДА

17:29, 3 шілде 2020

Полицейлер жол қозғалысы ережелерінің сақталуын қатаң бақылауға алды.   Әсіресе жазда, көшелерде велосипед  пен скутерді  тізгіндеушілер көбейгенде   бұл шаралардың өзектілігі артады.  Полицейлер тұрғындар арасында жолда жүру ережелерін  түсіндіріп,  оны бұзушыларға ескерту жасады.  Жалпы, жыл басынан  бері облыста велосипедшілер және скутер жүргізушілері тарапынан жол қозғалысы ережелерін бұзудің  екі мыңнан астам фактісі тіркелді.

Петропавлдық пабликтерде велосипед мінген адамның кесірінен жолда орын алған апаттық жағдай туралы бейнежазба тарады. Онда велосипедшінің жолда келе жатып жаяу жүргіншілер жолағына бұрылып жатқаны анық көрінеді.  Бұл кезде бағдаршамның қызыл түсі жанып тұрған. Бейнені тамашалағандар велосипедшінің әрекетін сынға алды.

РУДОЛЬФ БРУХ, ЖҮРГІЗУШІ:

- Он жылдай велосипедпен жүрдім. Кейін оны автокөлікке ауыстырдым. Мұндай жағдайларды жол үстінде көп кездестіремін. Велосипедшілердің кейбірі айналасына қарамайды.

Велосипедпен жүру үшін еш бір рұқсат қағазын алудың қажеті жоқ. Тізгіндеген адамның жасы да маңызды емес. Алайда бәрі бірдей жолдағы жүру ережелерін біле бермейді. Осы орайда, тәртіп сақшылары апатты жағдайлардың алдын алуы үшін жұмысты күшейтуге мәжбүр.  

ӨМІРСЕРІК ОРАЗҒАЛИЕВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ПБ ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ БАТАЛЬОНДЫҚ ИНСПЕКТОРЫ:

- Петропавл қаласы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жол қозғалысының қатысушыларымен алдын алу жұүмыстарын күшейтуде. Велосипедшілер және скутер жүргізушілері ерекше көңіл аудартады. Жаяу жүргіншілер мен велосипедшілердің жылдамдығы бірдей емес екенін естен шығармау керек.

Акция кезінде тәртіп сақшылары велосипедшілерге жаяу жүргіншілер өткелінен велосипедті тізгіндемей, велосипедінен түсіп кесіп өтуі қажет екенін түсіндіруде. Жолда велосипедшілер тек оң жақпен жүре алады. Егер жол аталған бағытта бірнеше қозғалыс жолағынан тұратын болса, велосипедшілерге солға немесе кері бұрылуға тыйым салынған.   Тәртіп сақшылары жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау –  қауіпсіздікті қамтамасыз етудің кепілі екенін тағы бір ескертеді.   

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ПОЛИЦЕЙЛЕР «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСУДА
17:23, 4 тамыз 2020
ПОЛИЦЕЙЛЕР «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСУДА
Толығырақ...
ЖАҢА САЯБАҚТА КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
17:28, 4 тамыз 2020
ЖАҢА САЯБАҚТА КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Толығырақ...