ШҰҒЫЛ! ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ ҚАЛАДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС АЛАҢДАРЫН АРАЛАДЫ Толығырақ

ЗАҢСЫЗ ҚАРУДЫ ТАПСЫР ДА, СЫЙАҚЫ АЛ

17:25, 2 шілде 2020

Республика көлемінде 1 шілдеден бастап заңсыз сақталған қаруларды сатып алу акциясы басталды. Мақсат, қарумен жасалатын қылмыстардың алдын  алу. Айта кетейік, қаруды өз еркімен тапсырған азамат  заң алдында жауапкершілікке тартылмайды.

Елімізде  1 шілдеден бастап заңсыз сақталған қаруды, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу бойынша акция басталды. Оның негізгі  мақсаты – суық қарумен жасалатын қылмыстардың алдын алып, сақтық шараларын ұйымдастыру. Биылғы жылы әлемдегі ахуалға байланысты  акция қашықтықтан өткізілуде.

ӘЛІШЕР ЖАРМАҒАМБЕТОВ, АЗАМАТТЫҚ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТТІК ҚАРУ АЙНАЛЫМЫН БАҚЫЛАУ БӨЛІМІНІҢ ИНСПЕКТОРЫ:

- Осы жылы карантиндік шектеулерге байланысты қару тапсыру үшін территориалды ішкі істер органдарына келудің қажеті жоқ. «102» пультіне хабарласып, қару табылған жерді азамат айтатын болса сол жерге қару айналымын бақылау бөлімінің инспекторы шығып, сол жерден қабылдап алады.

Акцияның бірінші күнінде-ақ Петропавл қаласының тұрғыны  төрт аңшы қаруы мен шолақ мылтық тапсырыпты. Оның айтуынша, бұл қауіпті заттарды, жаңадан сатып алған пәтерінің жертөлесінен тауып алған.  Бұл заңсыз қаруларды қайда жіберетінін білмей дал болған азаматқа аңшылықпен айналысатын досы «102» нөміріне хабарласуға кеңес беріпті. Қазіргі уақытта, полицейлер қарудың қандай да бір қылмысқа қатыстылығының бар-жоғын тексеруде. Сараптама нәтижесінен кейін, қарудың  қай санатқа жататындығы анықталып,  қала тұрғынына  үш жүз мың теңге көлемінде сыйақы төленетін болады. Айта кетейік, қаруды өз еркімен тапсырған өңір тұрғындары заң алдында жауапкершілікке тартылмайды.

ӘЛІШЕР ЖАРМАҒАМБЕТО, АЗАМАТТЫҚ ЖӘНЕ :ҚЫЗМЕТТІК ҚАРУ АЙНАЛЫМЫН БАҚЫЛАУ БӨЛІМІНІҢ ИНСПЕКТОРЫ:

- Қару тапсырған адам мемлекеттен ақшалай сыйақы алады. Ол үш категорияға бөлінеді. Бірінші екінші және үшінші. Бірінші категориямен жаңа ешқашан қолданылмаған мылтықтар. Екінші категория бойынша қолданылған бірақ атуға жарамды және техникалық жағынан жақсы қарулар өтеді. Үшінші категория атуға келмейтін қарулар.

Акцияның алғашқы күнінде облыс бойынша 4 адам 10 қару тапсыруға өтінім білдіріпті. Жалпы өткен жылы солтүстікқазақстандықтар  109 мылтық  тапсырған.Оның 13-і  - ойық ұңғылы қару. Ал тұрғындарға берілген  сыйақы мөлшері 6 миллион теңгеге жетті

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ПОЛИЦЕЙЛЕР «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСУДА
17:23, 4 тамыз 2020
ПОЛИЦЕЙЛЕР «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСУДА
Толығырақ...
ЖАҢА САЯБАҚТА КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
17:28, 4 тамыз 2020
ЖАҢА САЯБАҚТА КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Толығырақ...