ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР БЕРІЛДІ Толығырақ

ЖАРДАН ҚҰЛАҒАН ЖАСӨСПІРІМ ҚҰТҚАРЫЛДЫ

18:00, 6 қараша 2019

Петропавл қаласында өткен сенбі күні патрульдік полиция қызметкерлері Есілдің биік жарынан құлаған жасөспірімді құтқарды. Кешқұрым өзен жағасында қыдырып жүрген бала абайсызда құлап кеткен. Нақтырақ облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің материалында.

Жеңіс саябағы – петропавлдықтар серуендейтін орындардың бірі. Саябақтың сырты тік жар. Арнайы ескерту белгісі орнатылған. Кешкі сағат тоғыздар шамасында сол жерде кезекшілікте жүрген патрульдік полицейлерге бала жүгіріп келіп, көмек сұрайды.

- Там мальчик упал! — Где? — Упал мальчик. — Да ты что? — Там, мы здесь просто шли, получается, не увидели знак, он прошёл прямо и упал.— И что, где он? — Он там, где-то, снизу.

Тәртіп сақшылар бірден оқиға туралы Жедел басқару орталығына хабар береді. Оқиға орнына жақын маңдағы автопатруль экипажы жіберіледі. Қараңғыда бірден табу мүмкін болмады. Қолшамның көмегімен полицейлер судың жиегінде ес-түссіз жатқан баланы тауып алады. Тік жардан 30 метр биіктіктен полиция сержанты Нұрлан Қоқабаев төменге түсіп, баланы аман алып шығады.

АЙДАРБЕК КЕНШІНБАЕВ,  ПЕТРОПАВЛ Қ. ПБ ЖПҚБ ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ БАТАЛЬОНЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ: 

- Сол кезде мен автопатрульдарға шыға бастадым автопатрульдер келіп аға сержант Қоқабаев жарға арғы жағынан түсіп, сол кезде айғайлап бала мында жатыр аты Кирил деп  сол кезде аға сержант Қоқабаев айғайлап арқан лақтырындар деді. Сол кезде автопатрульден арқан алып оған қарай лақтырдық. Аға сержант Қоқабаев белінен байлап, бәріміз тартып алып шықтық әлгі баланы.

Келіп жеткен «Жедел жәрдем» алғашқы көмек көрсетіп, жасөспірім ата-анасына табыс етілді. Бұл биылғы жылғы өзен жағасында болып отырған алғашқы оқиға емес. Көктемде тәртіп сақшылары жардан құлаған қызды аман алып қалса, маусымда суға кете жаздаған балықшыны құтқарып қалды. Осы орайда, ІІМ тапсырмасы бойынша су қоймаларының маңында қызмет атқаратын патрульдік полицияның барлық экипаждары адамдарды құтқаруға арналған қажетті құралдармен жабдықталған. Осы жолы да қуаты күшті  қолшамдар мен арқан көп көмегін тигізді.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
13:08, 9 желтоқсан 2019
ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
Толығырақ...