ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ Толығырақ

ЖАС МАМАНДАР СЛЕТІ

17:52, 12 маусым 2019

Облыста полиция департаментінің жас қызметкерлері арасында облыстық слет өтті. 2 күн бойы 92  жас маман жұмыс тәжірибесіндегі алғашқы сынақтарын тапсырды. Оларды полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев құттықтап, арнайы сертификаттар табыстады. Толығырақ арна тілшілері тарқатсын. 

Жас қызметкерлер слеті полиция департаменті қызметкерлерінің арасында дәстүрлі түрде өткізіледі. Жиынға  жұмысқа кіргеніне 1 жыл болмаған және жақында ғана еңбек жолын бастаған жастар қатысады. Слет барысында жас мамандар ҚР заңынан, қызмет баптарынан, сондай-ақ  физикалық дайындықтарынан сынақ тапсырады.

САҒЫНДЫҚ ТЕМІРЕЕВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ  ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КАДР ЖӨНІНДЕГІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Бұл слеттің басты мақсаты - жас қызметкерлердің таңдаған мамандыфқтарына деген құрметтерін, сүйіспеншіліктерін көрсету, еліміздің тыныштығын сақтауғаүйрету. Тұңғыш елбасы осы жылды жастар жылы деп жариялағандықтан осы жылы жас қызметкерлерге көп көңіл бөлінуде.

92 жас маманмен 2 күн бойы 92 тәлімгер ТӘЖІРИБЕМЕН бөлісті. Солардың бірі -  Александр Лизун.Ол  «Үздік тәлімгер» атаНДЫ.Қазіргі уақытта   Аққайын ауданының уақытша ұстау изоляторының бастығы қызметінде.

АЛЕКСАНДР ЛИЗУН, СҚО АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ УАҚЫТША ҰСТАУ ИЗОЛЯТОРЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

- Әрбір полиция қызметкерінің бойында мәдениеттілік болу керек. Тұрғындармен жақсы қарым-қатынас орнатып, құрмет көрсете білу қажет. Сонда ғана өз ұжымында да сыйлы болады. Барлық жұмыстағы жетістіктер тәжірибе арқылы келеді. Жас маман ұқыптылыққа, жауапкершілікке үйрену керек. Және осы 2 күнде біз кішкене болсада білгенімізді үйретуге тырыстық.

Слетке  қатысқан ең жас қызметкер- Темірлан Жабал. Жұмысқа кіріскеніне 2 апта ғана уақыт өткен. Ол Мақан Есболатов атындағы  Алматы академиясының түлегі.

ТЕМІРЛАН ЖАБАЛ, АЙЫРТАУ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ:

- Облыстық жас мамандар слеті өте қатты ұнады. Тәжірибелі мамандармен кездесіп, олардың жұмыстарымен таныстық. Физикалық дайындықтан сынақ тапсыру, ҚР заңын жатқа айту біз үшін тіптен  қиын емемс. Өйткені біз академияда осының барлығын оқып, біліп келдік.

Жиын барысында барлық жас қызметкерлер полиция департамені бастығының атынан арнайы сертификаттармен марапатталды. Шара соңы концертті бағдарламамен ұласты.

Жансая ҚАЙЫПОВА

Тақырып бойынша материалдар

ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР
20:52, 24 маусым 2019
ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР СПАРТАКИАДАСЫ
17:55, 19 маусым 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР СПАРТАКИАДАСЫ
Толығырақ...