ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫ ҮКІМЕТ БАСШЫСЫН ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

«ЖАСӨСПІРІМ – ЗАҢ – ҚАУІПСІЗДІК»

20:56, 12 ақпан 2019

Жасөспірімдер тәртіп сақшыларының назарында. Ювеналдық полицейлер қала мектептерінің оқушыларымен кездесіп, оларға нашақорлықтың зияны туралы айтады, патрульдік полицияның жұмысымен таныстырады.

«Жасөспірім – Заң – Қауіпсіздік» республикалық акциясы аясында № 1 орта мектептің жоғарғы сынып оқушыларымен қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында ювеналдық полиция өкілдері кездесу өткізді. Есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінің аға жедел уәкілі Светлана Алексеева есірткінің жаңа түрлері жайында айтты. Солтүстікқазақстандық оқушыларға арнап облыстық Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері дайындаған «Тұздар мен спайстар. Құрдымға апарар жол» фильмін көрген балалар есірткінің салдары қандай болатындығына көз жеткізді.

Артем Литвиненко, Мұрат Айтқожин атындағы № 1 ОМ 9-сынып оқушысы:

- Бізге арнап танымдық дәріс өткізілді, фильмді тамашаладық. Көп мағлұмат алдық. Нашқорлықтың салдары қандай болатынын білдік.

Жетінші және екінші мектептердің оқушылары патрульдік полиция батальонының қызметтік автокөлігімен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды. Полицей Николай Малыш балаларға бейнетіркегіштіштің, радиостанцияның, арнайы дыбыс зорайтқыштың жұмысын көрсетті. Балалар жүргізушінің орындығына отырып машинамен танысты, броньды жилетті киіп көрді. Бұл кездесуден кейін балалар болашақта полицей мамандығын таңдайтындықтарын жасырмады.

Таисия Рогожникова, № 7 ОМ 8-сынып оқушысы:

- Показали свою патрульную машину и провели полный обзор всех своих гаджетов, дали нам померить бронежилеты, сфотографировались. В общем, большое спасибо, было очень интересно!

№14 орта мектепте ювеналдық полицейлер, төменгі буын, бірінші сыныптың оқушылары арасында Жол жүрісі ережелерін сақтау тақырыбында суреттер байқауын өткізді. Сонымен қатар, «Жасөспірім – Заң – Қауіпсіздік» акциясы аясында полицейлер жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтарды анықтаумен айналысады. Акцияның алғашқы күні петропавлдық ювеналдық полицейлер 8 әкімшілік хаттама толтырды, оның ішінде 4 – кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта тұрғынжайдан тыс жерде болуы, сондай-ақ 2 – ата-ананың балаларды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамауы. Республикалық акция 15 ақпанда аяқталады.

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫС АУМАҒЫНДА 721 ПӘТЕР ҰРЛЫҒЫ ТІРКЕЛГЕН
20:38, 14 тамыз 2019
ОБЛЫС АУМАҒЫНДА 721 ПӘТЕР ҰРЛЫҒЫ ТІРКЕЛГЕН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

17:56, 20 тамыз 2019
САЯЖАЙ ӨНІМІ БАЗАРЛАРДА САТЫЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...