ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІМЕН ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

«ЖАСӨСПІРІМ-ЗАҢ-ҚАУІПСІЗДІК» АКЦИЯСЫ

20:45, 15 ақпан 2019

Бір аптаға созылған «Жасөспірім –Заң – Қауіпсіздік» акциясы шеңберінде өңірдің тәртіп сақшылары мектеп оқушыларымен кездесулер өткізіп қана қоймай, флешмобтар ұйымдастырды. Толығырақ келесі бейнематериалда.

Петропавл қаласындағы № 27 орта мектепте өткен дөңгелек үстелде Жол қозғалысы ережелері, өрт қауіпсіздігі, сондай-ақ, нашақорлықтың алдын алу мәселелері талқыланды. Полицейлер қылмыстар мен құқық бұзушылықтар жасау үшін көзделетін жауапкершілік туралы айтып, синтетикалық есірткілердің зиянына тоқталды. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері өрттің қалайша алдын алу керектігін көрсетті.  Мұндай дөңгелек үстелдер мен брифингтер облыс орталығының басқа да мектептерінде өткізілді. Осылайша, бір апта бойы жинаған білімдерін № 8 орта мектептің және Қазақ мектеп-гимназиясының оқушылары флешмобпен бекітті.

«Жасөспірім-Заң-Қауіпсіздік» акциясы ел аумағында ақпанның 11-і бастау алған. Оны кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі қалалық инспекторлар полицияда есепте тұрған отбасыларға жүргізілген рейдтік шаралардан бастады. Акцияның басынан 23 әкімшілік хаттама толтырылған. Олардың 15-і – кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта үй-жайдан тыс заңды өкілдерінсіз жүруі бойынша.

БАҚЫТГҮЛ ҚАСЕНОВА, ПЕТРОПАВЛ Қ. ПБ БІРІНШІ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ИНСПЕКТОРЫ:

- Бұл акция арқылы біз балаларға жолдағы қауіпсіздікті, өрт қауіпсіздігінің ережелерін жеткіздік. Сондай-ақ, кәмелетке толмағандардың әкімшілік, қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қарастырылатын жауапкершілік туралы айттық. Жалпы, балалардың тарапынан заң бұзушылықтар жасалмас үшін қажетті іс-шараларды өткіздік.

Полиция қызметкерлері колледждердің оқушылары мен студенттерін де ұмыт қалдырмады. Оларға тұрғылықты мекенжайлары бойынша барып, өмір сүру жағдайлары тексеріледі. Сонымен қатар, оларға учаскелік инспектордың байланыс мәліметтері көрсетілген визиткалар таратылады.

Тақырып бойынша материалдар

АДАМ ӨМІРІНЕ АРАША ТҮСКЕН ПОЛИЦЕЙЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ
21:16, 16 мамыр 2019
АДАМ ӨМІРІНЕ АРАША ТҮСКЕН ПОЛИЦЕЙЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БАЛАЛАР ҮЙІНІҢ ЖАНЫНА ШЫРША КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ
21:19, 16 мамыр 2019
БАЛАЛАР ҮЙІНІҢ ЖАНЫНА ШЫРША КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ
Толығырақ...
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ЗОР ҮЛЕС ҚОСҚАН – ҚАЗИЗ ТӘШЕНОВ
14:40, 17 мамыр 2019
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ЗОР ҮЛЕС ҚОСҚАН – ҚАЗИЗ ТӘШЕНОВ
Толығырақ...