ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ ЕСЕП БЕРДІ Толығырақ

ЖЕКСЕНБІЛІК САЯХАТ

18:07, 15 сәуір 2019

Петропавл қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері ерекше балалар үшін «Шапито» циркіне саяхат ұйымдастырды. Ресейлік цирк бағдарламасында балғындарға клоундар мен жонглерлердің, әсіресе үйретілген жабайы аңдардың өнері ұнады.

Балалардың жексенбілік саяхаты - солтүстікқазақстандық полицейлердің ақпан айында бастаған қайырымдылық істерінің жалғасы. Қалалық Полиция басқармасының басшылығы мен Әйелдер кеңесі ұйымдастырып, нәтижесінде облыс орталығындағы балалар орталықтарының 73 тәрбиеленушісі цирк өнерімен жақын танысуға мүмкіндік алды. Балалар алғаш рет бірқазандарды, леопард пен аюларды, тағы басқа көптеген хайуанаттарды көріп, әртістердің өнерін тамашалады.

САҒЫНДЫҚ ТЕМІРЕЕВ, ПЕТРОПАВЛ Қ. ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Бұл қойылымға үш жүзден астам адам қатысты. Оның ішінде Петропавл қ. Полиция басқармасы қызметкерлерінің отбасылары, көп балалы отбасылар қатысты. Сондай-ақ, «Арман» Петропавл әлеуметтік қызмет көрсету балалар орталығы», «Жастық шағынан мүгедек болған балалар мен ата-аналардың Солтүстік Қазақстан облыстық мекемесі», «Адон-Север» ерекше күтімді қажет ететін балаларды бейімдеу» қоғамдық бірлестігінің тәрбиеленушілері қатысты.

Бір жарым сағаттық бағдарлама балалардың көңілдерінен шықты. Бұл саяхаттан олар үлкен әсер алып қайтты.

СВЕТЛАНА ЕМЕЛЬЯНОВА, «АРМАН» БАЛАЛАР ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ АҒА ТӘРБИЕШІСІ:

- Бізге Циркте болуға осындай үлкен мүмкіндік сыйлаған Полиция басқармасына алғысымызды айтамыз. Бізді үнемі шақырады. Мұндай шаралардан қалмауға тырысамыз. Қойылымға 19 баланы әкеліп отырмыз.

Полицейлердің айтуларынша, циркке саяхат ұйымдастыру арқылы олар балғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, балалардың бүгінгі қоғамға үйренісіп кетуі үшін жағдай жасап отыр.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

20:33, 15 шілде 2019
ПЕТРОПАВЛҒА 500 БЕЙНЕБАҚЫЛАУ КАМЕРАСЫ ОРНАТЫЛАДЫ
Толығырақ...