ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІМЕН ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

19:07, 15 наурыз 2019

Күні кеше қысқы спорт түрлерінен Президенттік көпсайыс бойынша ҚР ІІМ чемпионаты басталған болатын. Оған ел бойынша 12 облыстың құқық қорғау органдары қатынасып спорттың бірнеше түрінен бақ сынасты. Бүгін Борки кентінде аталмыш сайыстың жабылу салтанаты өтті. Жалпыкомандалық есеп бойынша елордалық полицейлер жеңімпаз атанды. Ал жерлестеріміз нешенші орынға жайғасты? Әріптесім айтсын.

Бұл жарыс Қызылжар топырағында алғашқы рет ұйымдастырылып отыр. Оған еліміздің 12 өңірінен құқық қорғау органдарының қызметкерлері жиналған. Жоғары дейгейде өткен дүбірлі додаға әр облыстың арнайы дайындалған, сайдың тасындай іріктелген қызметкерлерден түратын комнадалары қатысып бақтары мен баптарын сынады.

МҰРАТ ҚОЖАБАЕВ, СҚО ПД КӘСІБИ ДАЯРЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ:

- Бүгін міне Президенттік көп сайыс та өз мәресіне жетті. Жарыс өте жоғары дейгейде өтті. Барлығы риза. Сайысты ұымдастырудағы мақсат құқық қорғау органдары қызметкерлерінің арасында саламатты өмір салтын насихаттап, басқа сала мамандарына үлгі болу. Сондай – ақ полицйелердің физикалық дайындықтарын шыңдау.

Жарысқа 32 және 39 жасқа дейінгілер, сондай – ақ одан үлкендер мен қыз-келіншектер қатысты. Олар ату, шаңғымен жүгіру және күшпен жаслатын жарыстарға қатысып, өз өңірлерінің намысын асқақтатуға тырысып бақты. Құрамалардың арасында жалпы есеп бойынша елордалықтар жақсы нәтиже көрсетті.

НҰРСӘУЛЕ  ДӘУЛЕТҚАЛИЕВА, АСТАНА ҚАЛАСЫ ПД АҒА ТЕРГЕУШІСІ:

Қарсылартар өте мықты. Дегенмен барымызды салдық. Өзміздің жақсы даындықпен келгенімізді көрсеттік. Мен өзім күшпен жасалатын жарыстарда жақсы нәтиже көрсеттім. Өте қуаныштымын. Енді осы сынды сайыстар жыл сайын өткізліп тұрса жақсы болар еді.

Жарыс Петропавлда өткен соң жергілікті полицейлер де намысты қолдан берген жоқ. Мысалы арнайы дайындық бөлімінің инспекторы Лидия Логинова жарыстың ережесіне сәйкес белгіленген спорттың үш түрінен де үздік атанып спорт шеберіне үміткер атанды.

ЛИДИЯ ЛОГИНОВА, СҚО ПД АРНАЙЫ ДАЙЫНДЫҚ БӨЛІМІНІҢ ИНСПЕКТОРЫ:

Біздің құрамамыз өте жақсы өнер көрсетті. Астана құрамасынан аздап артта қалдық. Дегенмен мойымаймыз. Керісінше бойымыздағы күш жігерімізді жинап келесі сайыстарға мықтап джаындалатын болмыз. Елордалықтардан азғантай ұпай санымен жеңілдік. Келесіде үздік атанамыз деген сенімдемін.

Көпсайстың қорытындысы бойынша 817 ұпаймен елордалықтар көш бастаса, 809 ұпаймен жерлестеріміз екінші орынға табан тіреді. Ал 706 ұпаймен Қостанайлық полицейлер үшінші орынды қанағат тұтты. Осы аталған үздіктерге кубоктар, дипломдар мен медальдар, сондай – ақ бағалы сыйлықтар табысталды.

Нұрсұлтан ТІЛЕКТЕСОВ

Тақырып бойынша материалдар

АДАМ ӨМІРІНЕ АРАША ТҮСКЕН ПОЛИЦЕЙЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ
21:16, 16 мамыр 2019
АДАМ ӨМІРІНЕ АРАША ТҮСКЕН ПОЛИЦЕЙЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БАЛАЛАР ҮЙІНІҢ ЖАНЫНА ШЫРША КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ
21:19, 16 мамыр 2019
БАЛАЛАР ҮЙІНІҢ ЖАНЫНА ШЫРША КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ
Толығырақ...
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ЗОР ҮЛЕС ҚОСҚАН – ҚАЗИЗ ТӘШЕНОВ
14:40, 17 мамыр 2019
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ЗОР ҮЛЕС ҚОСҚАН – ҚАЗИЗ ТӘШЕНОВ
Толығырақ...