ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТАҒЫ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ Толығырақ

ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

20:39, 9 қазан 2019

 

Полиция департаменті мамандары Инстаграм және Фейсбук әлеуметтік желілерінде екі сағат көлемінде тікелей эфирге шықты. Басты тақырып, жол қауіпсіздігін шараларын халыққа жеткізу. Толығырақ полиция департаменті баспасөз қызметінің бейнематериалында. 

- На Ваш вопрос ответит исполняющий обязанности начальника Управления адмполиции майор полиции Назар Байматов. Скажите, в каких районах работают интеллектуальные перекрестки, какие нарушения они фиксируют.

Осы жолғы видео-кездесу жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету тақырыбында өтті.  Тікелей эфирде жергілікті полиция басқармасының басшылары, әкімшілік полиция, процессингтік орталығының жетекшілері қойылған сұрақтарға нақты жауап берді. Екі сағат аралығында полиция мамандарына 146 сұрақ түскен. Сауалдардың көп бөлігіне бірден тиісті жауаптар берілсе, енді бірі бақылауға алынды. Негізінен облыс тұрғындарын көше-жол желісінің жағдайы, жол қозғалысы ережелерін түсіндіру мәселелері қызықтырды, сонымен қатар қызылжарлықтар полиция мамандарына алғыстарын білдіріп те жатты.

НАЗАР БАЙМАТОВ, СҚО ПД ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМА БАСШЫСЫНЫҢ М.А.:

- Барлық сауалдарды назарымызға алып, жауапсыз қалдырған жоқпыз. Бүгінгі таңда Петропавлда 99 бағдаршам объектісі, 134 жаяу жүргіншілер жолы, олардың 34-і белсенді жол белгілері сатысына көшірілді, яғни түнде олар жарықтандырылады.

Әлеуметтік желілерде кең аудиториямен тікелей байланысу әдісі ІІМ бастамасы бойынша «жолда қабылдау» акциясы аясында биылғы жылдың көктемінен бастау алған еді. Келесі тікелей эфир, 16 қазан  күні тергеу басқармасы мен криминалдық полиция басқармасының басшылығымен бірлесе өткізілмек.

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

КӨЛІКТІ ЗАҢСЫЗ ҚАЙТА ЖАБДЫҚТАҒАНДАРҒА АЙЫППҰЛ САЛЫНАДЫ
20:41, 26 мамыр 2020
КӨЛІКТІ ЗАҢСЫЗ ҚАЙТА ЖАБДЫҚТАҒАНДАРҒА АЙЫППҰЛ САЛЫНАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ 207 МЛН ТЕҢГЕ ҮСТЕМЕАҚЫ БЕРІЛДІ
13:04, 22 мамыр 2020
МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ 207 МЛН ТЕҢГЕ ҮСТЕМЕАҚЫ БЕРІЛДІ
Толығырақ...