ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ПОРТРЕТІ Толығырақ

«ЖОЛДА ҚАБЫЛДАУ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

21:34, 17 мамыр 2019

Облыста «Жолда қабылдау» республикалық акциясы жалғасын тапты. Тәртіп сақшылары азаматтардың мәселесін жол бойында қарап, сауалдарына жауап берді. Көбіне тұрғындардан «жүргізуші куәлігін қалай алуға болады?», «балабақша маңында жүргіншілер жолын орнатуға бола ма?» деген сияқты сұрақтар түсті.

17-18 мамыр күндері республика бойынша «Жолда қабылдау» акциясы өтуде. Облыстың әр ауданында жол жиегінде арнайы штаб құрылып, тұрғындардың сауалдарына жауап беруде. Көбіне мұндай акция адам көп шоғырланатын жерде өткізіледі.

ЖАСҰЛАН ОСПАНОВ, СҚО ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

- Акцияның негізгі мақсаты полиция бөліністерінің қызметіндегі әртүрлі мәселелері бойынша, оның ішінде жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мемлекеттік қызмет көрсету, көші-қон заңнамаларын сақтау және тағы да басқа мәселелер бойынша азаматтардың проблемалық сұрақтарын жедел шешу болып табылады.

Арнайы ұйымдастырылған акция екі күн бойы таңғы сағат 9-дан кешкі 19:00-ге дейін жалғасады. Тәртіп сақшыларының айтуынша осы аралықта тұрғындардан шамамен 350-дей сұрақ жолданады.  Тәртіп сақшылары кей мәселелерді сол жерде шешсе, ал жол белгілерін орнату секілді өтініштер саралаптауды қажет етеді.

ИННА ЮДАКОВА, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

- Жақында көлігімді техникалық байдаудан өткіздім. Одан кейін уақыт өте көліктің артқы терезесіне сызат түсті. Полиция қызметкерлерінен осылай жүруге болатын, болмайтынын сұрап, білдім. Жауабын алдым. Супермаркеттен шыққанда тәртіп сақшыларын көрген соң, осы мәселені көтердім.

«Жолда қабылдау» республикалық акциясы әр ай сайын өтеді. Штабтың қайда орналасқандығы жайлы ақпаратты полиция департаментінің әлеуметтік желілерінен білуге болады. Сондай-ақ кез-келген азамат 8777-642-32-97 нөміріндегі вацап желісі арқылы сауалдарын қоя алады.

Самат САПАРАЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

СҚО ПД БАСТЫҒЫ ХАЛЫҚ АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРДІ
20:43, 19 қыркүйек 2019
СҚО ПД БАСТЫҒЫ ХАЛЫҚ АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«БІРГЕ - ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» НАУҚАНЫ ӨТТІ
18:08, 16 қыркүйек 2019
«БІРГЕ - ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» НАУҚАНЫ ӨТТІ
Толығырақ...