ШҰҒЫЛ! ДЕНСАУЛЫҚ ТУРАЛЫ КОДЕКС ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

14 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ПӘТЕР КЕЗЕГІНДЕ ТҰР

17:53, 14 қаңтар 2020

Өңірде жұмыс сапарымен жүрген ҚР Парламенті Мәжілісінің депуттатары облыс орталығында жақында пайдалануға берілген жаңа пәтерлердің иелерімен кездесті.  Өткен жылдың желтоқсан айында қолданысқа берілген Береке ықшам ауданындағы көпқабатты  тұрғын үй  ұзақ уақыт бойы кезекте тұрған, көп балалы, толық емес отбасыдан шыққан сондай-ақ жетім балалар мен соғыс ардагерлеріне берілді. Арна тілшілерінің бейнематериалында.

Бүгінде  Петропавлда 14 мыңнан астам адам үй кезегінде тұр. Өткен жылдың соңында оның саны 100-ге кеміді. Облыс орталығындағы Береке ықшам ауданында орналасқан бұл 5 қабатты тұрғын үйді «Құрылыс сервис СҚ» жшс екі жылдың ішінде салды. Былтыр желтоқсан айында қолданысқа берілді. Жобаның жалпы құны 1 млрд теңгеден астам. Тұрғын үй «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша  тұрғызылды.

АЛЕКСАНДР МАРГАЛИН,  «ҚҰРЫЛЫС СЕРВИС СҚ» ЖШС ДИРЕКТОРЫ:

- Тұрғын үй толықтай қолданысқа берілді. Қазіргі уақытта 30 отбасы ғана жаңа баспанаға кірді. Құрылыс материалдарының барлығы дерлік отандық өнім. Пәтерлерге біздің компания 2 жылға кепілдеме беріп отыр. Осы уақыт аралығында тұрғындардың тарапынан түскен барлық кемшілікті өзіміз түзетіп, дұрыстап береміз.

Жалдамалы-коммуналдық пәтерге ие болғандардың бірі Мадина Нүрсейітова.  20 жастағы бойжеткен әжесі және кішкентай қызымен бірге бұл баспананы көп күткен. Осы уақытқа дейін  жатақхана мен жалдамалы үйде тұрған оларға, өткен жылдың 30 желтоқсан күні екі бөлмелі пәтердің кілті табысталды.

МӘДИНА НҮРСЕЙІТОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

- Өз кезегімді көп күттім. Соңында пәтерден үмітімді үзіп едім. Алайда әкімдіктен хабарласып, маған сізге үй беріледі дегенде қуанышымда шек болмады. Өзім жетіммін. Қолымда кішкентай қызым бар. Осындай баспаналы болғаныма өте қуаныштымын.Бастапқыда бір-екі кем-кетігі болып еді. Алайда мердігер компания дұрыстап берді. Қазір барлығы жақсы. 

Әкімдік мамандарының айтуынша, бұл үйлер 2006-2007 жылы кезекке тұрған адамдарға беріліп жатыр.Арада 13 жыл өткеннен соң көп балалы, жетім және толық емес отбасыдан шыққан, соғыс ардагерлері көптен-күткен қоныс тойларын тойлаған. Жалдамалы-комуналды пәтер болғандықтан, жаңа пәтер иелері комуналдық төлемдерді өздері төлеп, сондай-ақ үйдің шаршы метріне байланысты ай сайын мемлекетке 2-4 мың теңге аралығында төлем  төлеуге де міндетті.

КӘРІБАЙ МҰСЫРМАН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

- Осындай тұрғын үйлерді салуды көбейту керек. Ендігі жылы қосымша тағы 2 үй пайдалануға берілмекші. 93 пәтерден 186 пәтер. Соның арқасында 10 жылдай кезекте тұрған азаматтар пәтерге қол жеткізіп, қунаып отырғандығын көріп өзімізде қуанып отырмыз. Бәрі де елдің экономикасының ілгерлеуіне байналысты. 02:50. Біздің еліміздің экономикасы алға басып келе жатыр. Елбасының, жаңадан сайланған президентіміздің экономиканы көтеру жөніндегі тапсырмаларын үкіметіміз айтарлықтай қарқынмен атқарып жатыр деп айтуға болады.

Пайдалануға берілген көпқабатты тұрғын үй  көпбалалы 45 отбасы мен 1 ауған және 1 ұлы отан соғысы ардагеріне берілген. Ал қалған баспаналардың кілті   жетім және толық емес отбасыдан шыққан әлеуметтік жағдайы нашар ҮЙЕЛМЕНДЕРГЕ табысталады  деп жоспарланған.

Жансая ҚАЙЫПОВА

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар