ШҰҒЫЛ! ЖАҢА «НҰРЛЫ ЖОЛ» БАҒДАРЛАМАСЫ Толығырақ

600-ДЕН АСТАМ МЛН ТЕҢГЕ МЕМЛЕКЕТКЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

20:37, 9 қазан 2019

2019 жылдың 9 айы ішінде заңсыз әрекет салдарынан  облыс бюджетіне  616,4 млн теңге көлемінде залал келтірілді. Оның 608,7 млн теңгесі ҚАЙТАРЫЛДЫ.  Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаментінің басшысы Ернар Баянғазин мәлімдеді.

Мамандардың мәліметінше, өндірісте 211 қылмыстық іс болды, олардың 142-сі сотқа жіберілді. Азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзу фактілеріне жол берілген жоқ. СОНДАЙ-АҚ, автокөлік жолдарының сапасы, азық-түлік бағасының өсуі тексерістен өткен. Департменттің «Сапалы жол» жобасы халық арасында ерекше сенімге ие болды. Алдағы уақытта мамандар, Жамбыл ауданындағы Благовещенка –Қайранкөл тас жолының жөнделуін бақыламақ. Бұл жолды жөндеуге 600 млн теңге бөлініп, құрылыс әлі жүріп жатыр. Алайда жөндеу жұмыстары сын көтермейді.   Сонымен қатар, департамент басшысы, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және парақорлыққа төзбеушілік принциптерін қалыптастыруға бағытталған #пара берме челенджінің бастау алғанын мәлімдеді. Жалпы облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен ағымдағы жылы жедел және тергеу іс-шаралары барысында мемлекеттік органдардың 9 басшысы әшкереленді. Оның 4 облыстық, 5 аудандық және қалалық мекемелердің жетекшілері. 27 адам сотталған, оның ішінде 3-уі бас бостандығынан айырылды, 1-уінің бас бостандығы шектелсе, 23-іне айыппұл тағылды. Мәселен "Қазсушар" кәсіпорны филиалының жетекшісіне қатысты қылмыстық іс қозғалып отыр. Сот үкімі шыққан жоқ.

ЕРНАР БАЯНҒАЗИН, ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ СҚО БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:

- Басшы филиал қызметкерлеріне жалған іссапарларды ресімдеу және өз пайдасына іссапар шығыстарын беру, мемлекеттік сатып алу бойынша қаражат ретінде тағайындалған филиал қаражатын және қызметкерлерге сыйақы беруге бөлінген қаржы қаражатын ұрлау бойынша қылмыстық схеманы ұйымдастырған.

Тақырып бойынша материалдар

ЕЛБАСЫ ЖАПОН ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІМЕН КЕЗДЕСТІ
17:54, 23 қазан 2019
ЕЛБАСЫ ЖАПОН ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар