ШҰҒЫЛ! ПАНДЕМИЯ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ Толығырақ

«AGROKOMEK» ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

17:18, 26 қазан 2020

Тайынша және Аққайың аудандарынан соң ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев және өңір басшысы Құмар Ақсақалов Петропавл қаласында «Agrokomek» қызмет көрсету орталығының ашылуына қатысты. Енді биылдан бастап, облыс аграрилеріне мемлекеттік қызметтің 50 түрі көрсетілетін болады. Сондай-ақ, агенттік төрағасы  ПЕтропавлДАҒЫ ЖӘНЕ Бескөл ауылындағы әлеуметтік маңызы бар бірқатар нысандардың жұмысымен танысты.

Алик Шпекбаев пен Құмар Ақсақалов бастаған топ Қызылжар ауданы Бескөл ауылында ашылған «Ашық әкімдік» фронт-офисінің жұмысыН КӨРДІ. ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы  ұсынылған қызметтердің ыңғайлылығын, қолжетімділігін және сапасын бағалады. Енді бескөлдіктер ауылдан шықпай-ақ, жеке куәлікті ауыстыру, салық төлеу сынды мәселелерін осы жерде шеше алады. 

Это очень здорово, что появился такой офис. Люди об этом мечтали долгие годы. Тратили нервы, все эти хождения нам надоели.

- Вы прочувствовали, что есть от этого польза?

- Конечно! Люди очень довольны. Всем это нравится.

- Значит положительную оценку даете?

- Да

ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы облыс әкімімен бірге елдегі алғашқы «Agrokomek» сервистік орталығының ашылуына қатысты. Аграрилерге «бір терезе» қағидаты бойынша 50 мемлекеттік қызмет түрі  көрсетілеДІ. Алик Шпекбаев мемлекеттік органның мұндай жұмысы  сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге мүмкіндік беретінін АЙТТЫ. Сондай-ақ, өңір басшысы мен агенттік төрағасы облыстағы алғашқы электр техникалық зауыттың құрылыс барысымен танысты. Кәсіпорын жылына 13 мың трансформаторды шығармақ және өнімнің 95 пайызын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерге өткізуді жоспарлаған.  300-ге жуық адамды жұмыспен қамту көзделген.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Бұрын бұл жерде зауыт болған, кейін  көп жылдар бойы бос тұрды.  Біз оның орнына арнайы экономикалық аймақ ашып, кәсіпкерлерге беріп отырмыз. Олар бұл ғимаратты қалпына келтіріп, 300-ге жуық адамды жұмыспен қамтымақ. Сондай-ақ, кәсіпорын өз қызметкерлері үшін үй салмақ. 

Жұмыс сапары барысында Алик Шпекбаев жаңа инфекциялық аурухананың құрылыс барысымен де танысты. Мұндағы жұмыстар 90%-ға аяқталған. Қазан айының соңына дейін нысан пайдалануға берілмек.

ВАЛЕРИЙ ПУГАЧЁВ, ЖОБА ЖЕТЕКШІСІ:

- Соңғы әрлеу жұмыстары қалды.  Рентген аппараты орнатылды, КТ аппараты әкелінді, 2-3 күн ішінде орнатамыз. Тапсыру мерзімі 29-30 қазан күніне жоспарлап отырмыз. Аурухана 200 орынға шақталған.

Агенттік Төрағасы «iKomek» ахуалдық орталығында да болды. Ол іске қосылғаннан бері диспетчерлік қызметке 120 мыңнан астам өтініш келіп түскен. Автобус бағыттарының цифрлық картасы, жедел басқару орталығының бейнекамераларын тарату-осының барлығы қызметкерлерге халықтың проблемаларын жедел шешуге көмектеседі. Алик Шпекбаев өз кезегінде цифрлық технологияларды пайдалану мемлекеттік органдар жұмысының ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

БОЛАТ ЖҰМАБЕКОВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ :

- Цифрлық картада тұрғын үйлердегі лифтілерді, шатырларды жөндеу, жол және т.б. мәселелер бойынша жұмыстарды жүргізу кезегі бар. Бұрынғыдай бірнеше рет хабарласып, хат жазудың керегі жоқ. Кез-келген қала тұрғыны өз кезегін көріп,мәселелерінің шешілетініне сенімді бола алады.     

Нысандарды аралау барысында  Алик Шпекбаев өңірде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жетілдіру бойынша барлық шаралар қабылданып жатқанына оң баға берді.

Жанбота ЕСТАЙҚЫЗЫ

 

Тақырып бойынша материалдар

ЕЛІМІЗДЕ ТҰРАҚТЫ АСТЫҚ ҚОРЫ ҚҰРЫЛАДЫ
20:34, 24 қараша 2020
ЕЛІМІЗДЕ ТҰРАҚТЫ АСТЫҚ ҚОРЫ ҚҰРЫЛАДЫ
Толығырақ...
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРДЫ ШЕШУДІҢ ЖОЛ КАРТАСЫ БЕКІДІ
20:32, 24 қараша 2020
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРДЫ ШЕШУДІҢ ЖОЛ КАРТАСЫ БЕКІДІ
Толығырақ...
«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ САЯСИ КЕҢЕСІ БЮРОСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
20:31, 24 қараша 2020
«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ САЯСИ КЕҢЕСІ БЮРОСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛДА 186 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
17:15, 19 қараша 2020
ПЕТРОПАВЛДА 186 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫСТА 606 ЖЕРГЕ ҚОҚЫС ЗАҢСЫЗ ТАСТАЛҒАН
20:35, 19 қараша 2020
ОБЛЫСТА 606 ЖЕРГЕ ҚОҚЫС ЗАҢСЫЗ ТАСТАЛҒАН
Толығырақ...
БІР ТӘУЛІКТЕ 85 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
20:35, 20 қараша 2020
БІР ТӘУЛІКТЕ 85 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
Толығырақ...