ШҰҒЫЛ! АҚОРДАДАҒЫ ҚАБЫЛДАУ Толығырақ

АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНДА ЖАҢА ӘКІМ

13:01, 17 қыркүйек 2019

Аққайын ауданына жаңа әкім тағайындалды. Аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында депутаттар бұл лауазымға ұсынылған  Рустем Елубаевты  лайықты деп, бір ауыздан шешім қабылдады. Естеріңізге сала кетейік, Рустем Мұқашұлы 2009-2013 жылдары аралығында  осы Аққайын ауданын басқарған болатын.  

Аққайындықтарға жаңа басшыны облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов таныстырды. Рустем Мұқашұлы 1969 жылы бұрынғы Көкшетау облысы, Қызылту ауданы, Май ауылында дүниеге келген. Көкшетау ауылшаруашылық институтын - ғалым агроном, Көкшетау Мемлекеттік университетін – экономист мамандықтары бойынша тәмамдаған. Осы тағайындауға дейін  Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжау әдістемелік орталығы облыстық филиалын басқарған.

МАРАТ ТАСМАҒАНБЕТОВ, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Құрметті сессияға қатысушылар ҚР Мемлекеттік қызмет туралы заңына және ҚР Президентінің облыстық маңызы бар қалалары мена удандарына әкімдерді қызметке тағайындау және босату тәртібі Жарлығына сәйкес Президент Әкімшілігінің келісімімен сіздердің назарларыңызға Аққайын ауданының әкімі лауазымына Рустем Мұқашұлы Елубаевты облыс әкімі Құмар Іргебайұлы Ақсақалов ұсынады.

Жаңа басшы аудан активіне таныстырылғаннан кейін, облыс әкімінің бірінші орынбасары ауданның 8 ай ішіндегі  әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштеріне тоқталды.  Мәселен қаңтар-тамыз айларының ішінде ет өндіру 101% , сүт өндіру 105 % артқан. Сонымен қатар, осы уақыт аралығында аққайындықтарға 1249 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. 592 адам көшіп келген.  Марат Иманбайұлы жаңа тағайындалған әкімге мұнымен тоқтамай жұмысты одан әрі жандандыруды  тапсырды.

МАРАТ ТАСМАҒАНБЕТОВ, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Ең алдымен ауыл шаруашылығының жалпы өнімі көлемінің төмендеуіне жол бермеуге,  егін жинау жұмыстарын уақтылы жүргізуді қамтамасыз етуді тапсырамын. Ауа-райы қолайсыз болғанымен, дәнді дақылдарды уақытылы жинап алуымыз  қажет.

Рустем Елубаев өз кезегінде жүктелген тапсырмалар тиісті түрде орындалады деп сөз берді.

Майгүл СЕЙІЛБЕК

Тақырып бойынша материалдар

А.МАМИН  ПЕТРОПАВЛ АУЫР МАШИНА ЖАСАУ ЗАУЫТЫНДАҒЫ ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ
13:06, 18 қараша 2019
А.МАМИН ПЕТРОПАВЛ АУЫР МАШИНА ЖАСАУ ЗАУЫТЫНДАҒЫ ЖАҢҒЫРТУ ЖҰ...
Толығырақ...
ПЕТРОПАВЛДА САБЫН ӨНДІРІСІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
13:04, 18 қараша 2019
ПЕТРОПАВЛДА САБЫН ӨНДІРІСІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҮМЕНДЕГІ ҚАЗАҚ БАЛАЛАРЫНА 200 КІТАП СЫЙҒА БЕРІЛДІ
13:07, 12 қараша 2019
ТҮМЕНДЕГІ ҚАЗАҚ БАЛАЛАРЫНА 200 КІТАП СЫЙҒА БЕРІЛДІ
Толығырақ...