ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ПОРТРЕТІ Толығырақ

АҚОРДАДАҒЫ ҚАБЫЛДАУ

20:31, 10 шілде 2019

Қатты тұрмыстық қалдықтарға қатысты мәселелерді шешу, соның ішінде сынақ алаңдарын экологиялық және санитарлық талаптарға сәйкестендіру, сондай-ақ, қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару және қайта өңдеу саласының инвестициялық тартымдылығын күшейту. Ақордада экология, геология және табиғи ресурстар министрін қабылдаған мемлекет басшысы осындай міндеттерді жүктеді. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев су және өсімдік әлемін қорғау, браконьерлікпен және орманды заңсыз отаумен күрес жүргізу мәселелері айрықша бақылауда болуы тиіс екеніне тоқталды.Ал ведомство басшысы Мағзұм Мырзағалиев жаңа Экологиялық кодекстің әзірлену барысы туралы мәлімет берді.

Сондай-ақ мемлекет басшысы Valmont Industries компаниясының президенті Cтив Каневскиді қабылдады. Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның халықаралық агроөнеркәсіп саласына мамандандырылған компаниямен өзара тығыз ынтымақтастық орнатуға мүдделі екенін айтты. Президент ауыл шаруашылығы өндірісіне заманауи технологияны енгізудің маңыздылығын атап өтсе, Cтив Каневски компанияның бірлескен жобаларды жүзеге асыру жөніндегі жоспарларымен бөлісті. Сондай-ақ америкалық кәсіпкер «Қазақстан Орталық Азиядағы барлық мүдделі құрылымдарға кәсіпорынның қызметін ұсыну үшін көпір болатынына» сенім білдірді.

 ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

- Компанияларыңызбен тығыз қарым-қатынас орнатқымыз келеді. Сіздер шығаратын өнім біздің елде сұранысқа ие. Сізбен кездесуге үш ведомствоның басшысы келіп отыр. Менің экономикалық мәселелер бойынша көмекшілем қатысып отыр. Сондықтан байланысымыз берік болатынына сенімдімін.

 СТИВ КАНЕВСКИ, VALMONT INDUSTRIES КОМПАНИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ, БАС ДИРЕКТОРЫ:

- Мені қабылдағаныңыз үшін өте ризамын. Бізге бергелі отырған мүмкіндіктер үшін алғыс айтамын. Кездесуге түрлі ведомство басшыларының қатысуы біздің байланысты одан әрі дамытуға мүмкіндік береді деген ойдамын.

Тақырып бойынша материалдар

ӨҢІРДЕ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР КӨПТЕП ТҰРҒЫЗЫЛАДЫ
13:07, 20 қыркүйек 2019
ӨҢІРДЕ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР КӨПТЕП ТҰРҒЫЗЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«БІРГЕ - ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» НАУҚАНЫ ӨТТІ
18:08, 16 қыркүйек 2019
«БІРГЕ - ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» НАУҚАНЫ ӨТТІ
Толығырақ...