ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖҰМЫС САПАРЫ Толығырақ

АҚОРДАДАҒЫ ҚАБЫЛДАУ

20:33, 15 қаңтар 2020

Сондай-ақ Ақордада сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесі де сөз болды. Қасым-Жомарт Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобының атқарушы хатшысы Джанлука Эспозитоны қабылдады. Тараптар Қазақстанның осы ұйымға мүше болып кіруі мен еліміздің Еуропа Кеңесімен ықпалдастығын  талқылады. Президент Еуропа Кеңесіне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобына кіруге көрсеткен қолдауы үшін алғысын жеткізді.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

- Біз аталған ұйымның қызметіне атсалысуға мүдделіміз. Бұл біздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысымызға, сонымен қатар, ел дамуына кері әсер ететін басқа да мәселелердің шешілуіне тың серпін береді деп сенеміз.

ДЖАНЛУКА ЭСПОЗИТО, СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МЕМЛЕКЕТТЕР ТОБЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:

- Қазақстанның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобына мүше болуы жемқорлықпен күрестің принциптері мен тетіктерін жетілдіруге ғана емес, сондай-ақ, бизнес-ахуалды жақсартуға, мемлекеттік қызмет көрсету жұмысын жандандыруға да септігін тигізеді.

Тақырып бойынша материалдар

ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАР ҚАЛЫПТЫ ІСТЕП ТҰР
20:35, 14 ақпан 2020
ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАР ҚАЛЫПТЫ ІСТЕП ТҰР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДА АҚПАРАТТЫҚ СТИКЕРЛЕР ОРНАЛАСТЫРЫЛДЫ
17:54, 13 ақпан 2020
МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДА АҚПАРАТТЫҚ СТИКЕРЛЕР ОРНАЛАСТЫРЫЛДЫ
Толығырақ...