ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУДЫ ОНЛАЙН ӨТКІЗДІ Толығырақ

АҚПАРАТ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІНІҢ ЕСЕПТІ КЕЗДЕСУІ

20:33, 29 маусым 2020

Қазақстанда  екі бірдей жаңателеарна жұмысын бастайды. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева онлайн өткен халық алдындағы есептік кездесуі кезінде айтты. Қазақстан телерадио корпорациясының ішінен құрылатын АБАЙ ТВ көрерменге ертеңнен бастап жол тартады. Ал мектеп жасындағы балаларға арналатын Әл Фараби арнасы Келер оқу жылы қарсаңында жұмысын бастайды деп жоспарланған.

Министрдің мәліметі бойынша жаңа арналардан бөлек бұрыннан бар ақпарат құралдарына да мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау артып отыр. Пандемия кезінде арналардың пайдасы 30-60 пайызға азайып кеткен. Осыны ескере отырып заңдарға бірнеше өзгеріс енгізілген.

АИДА БАЛАЕВА, ҚР АҚПАРАТ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІ:

- Антикризистік шаралар шеңберінде ақпарат құралдары 1сәуір мен 1 қазан аралығындағы салық пен еңбекақы қорынан төленедін міндетті төлемнен босатылды. Сондай-ақ, коммерциялық теле, радиоарналар аналогтық және эфирлік цифрлық телерадио хабарларын тарату қызметтеріне ақы төлеуден 2020 жылдың 1 шілдесінен 31 желтоқсанына дейін босатылады.

Жалпы елімізде БАҚ-ты мемлекеттік қолдаудың қадамдары қайта қаралмақ. Республикалық әрі өңірлік деңгейде  ақпараттық тапсырысты орналастырудың бірыңғай жүйесі құрылады. Халыққа ыңғайлы болуы үшін мемлекеттік бағдарламалар туралы барлық ақпарат орналастырылатын ортақ базасы құрылып жатыр.

АИДА БАЛАЕВА, ҚР АҚПАРАТ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІ:

- Бұл жерде үкімет пен жергілікті органдар жүзеге асырып жатқын барлық бағдарламалермен түсінікті әрі қол жетімді түрде танысуға болады ол да болса ел-жұрттың мемлекет пен қоғамның маңызды мәселелеріне тікелей араласып, түбінде азаматтық қоғамның өркениетті де өскен ортасын қалыптастыруға бағытталған үлкен үлес деп білемін.

Халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасы жүйелі жүзеге асырылуы үшін де ауқымды шаралар қолға алынған. Бұл бағытта халықпен коммуникация жасап отырған арналардың жұмыс сапасына жүйелі талдау жүргізіледі. БАҚ-тан, үкіметтік емес ұйымдар мен халықтан түсетін сұраныс пен өтініштерге уақтылы жауап беріледі. Сонымен бірге мемлекеттік органдар жұмысының ақпараттық белсенділігін арттыру көзделіп отыр деді Аида Балаева.

 

Тақырып бойынша материалдар

IX АЗАМАТТЫҚ ФОРУМДА 650-ДЕН АСТАМ ҰСЫНЫС АЙТЫЛДЫ
20:31, 27 қараша 2020
IX АЗАМАТТЫҚ ФОРУМДА 650-ДЕН АСТАМ ҰСЫНЫС АЙТЫЛДЫ
Толығырақ...
ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ: ЖАСАМПАЗДЫҚ ПЕН ҮДЕМЕЛІ ДАМУДЫҢ 30 ЖЫЛЫ
20:33, 26 қараша 2020
ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ: ЖАСАМПАЗДЫҚ ПЕН ҮДЕМЕЛІ ДАМУДЫҢ 30 ЖЫЛ...
Толығырақ...
«НҰРЛЫ ЖЕР» БАҒДАРЛАМАСЫНА БӨЛІНГЕН ҚАРЖЫНЫҢ ЖАРТЫСЫ ИГЕРІЛМЕГЕН
20:32, 26 қараша 2020
«НҰРЛЫ ЖЕР» БАҒДАРЛАМАСЫНА БӨЛІНГЕН ҚАРЖЫНЫҢ ЖАРТЫСЫ ИГЕРІЛМ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІКТЕ 112 АДАМНАН КВИ АНЫҚТАЛДЫ
17:21, 25 қараша 2020
ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІКТЕ 112 АДАМНАН КВИ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
«ПАРАСАТТЫ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
20:40, 25 қараша 2020
«ПАРАСАТТЫ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Толығырақ...