ШҰҒЫЛ! ПАНДЕМИЯ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ Толығырақ

АЛДАҒЫ 3 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН БЮДЖЕТ ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫН СЕНАТ МӘЖІЛІСКЕ ҚАЙТАРДЫ

20:33, 19 қараша 2020

Биыл бөлінген бюджет қаражатының бір бөлігі тиімсіз жұмсалған. Алдағы 3 жылға бағытталған бюджетті жоспарлауда да шикіліктер бар. Осыған байланысты сенат заң жобасын мәжіліске қайта қарауға жіберді. 

Дерт дендегенде науқастарға ең керегі - өкпені жасанды желдететін аппарат еді. Үкімет есебінен 1500 данасы алынған. Бірақ  жартысына жуығын медициналық мекемелер қабылдамады. Себеп – құрылғылар толық жабдықталмаған. Сенатор Нұрлан Қылышбаев бюджет қаражаты тиімсіз жұмсалғанын сынға алды.

НҰРЛАН ҚЫЛЫШБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

- Мысалы, Жамбыл облысында осындай олқылыққа байланысты 53 аппараттың бірде біреуі жұмыс істемей тұр. Түркістан облысында да осындай жағдай. Қазіргідей күрделі кезеңде мұндай олқылықтарға жол беруге болмайды.

Алдағы 3 жылға арналған республикалық бюджеттің жалпы сомасы – 41,8 трлн теңге.  Оның жартысынан көбі әлеуметтік салаға жұмсалады.

Нәтижесінде, дәрігерлердің жалақысы үш жыл бойы жыл сайын 30, ал мұғалімдердің табысы 25 процентке артады. Сонымен қатар, инфрақұрылымдарды дамыту, Орталық және солтүстік өңірлерді газдандыру, ауыз сумен қамтамасыз етуге, шағын және орта бизнесті қолдау мен әлеуметтік аз қамтылғандаррға арналған баспана құрылысына бөлінеді.

Ал эпидахуал нашарлап, қатаң карантин енгізілетін болса уақытша табысынан айырылғандарға әлеуметтік төлем үшін қаржы бөлу  қарастырылмаған.  Депутаттар осыған алаңдаушылық білдірді.

АЛТЫНБЕК НҰХҰЛЫ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

- Келесі жылы эпидахуал тұрақтанбайтын болса  56.56. қаралып отырған заң жобасында бұл мақсаттар қарастырылмаған. Осыған байланысты біржолғы әлеуметтік төлем көлемінің 42500 т екенін ескере отырып, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының мүмкіндіктері қандай?

БІРЖАН НҰРЫМБЕТОВ,  ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ:

- Пандемияның күрделенуіне қатысты ел президенті көктемдегідей қатаң карантинді тежеуді тапсырғанын білесіздер. Өз кезегінде экономикалық жағдай нашарлаған жағдайға Үкіметтің, Ұлттық банктің және қаржы нарығын реттеу агенттігінің бірлескен іс-қимыл жоспары бар. Сол жоспар шеңберінде жұмыспен қамту және де халықты әлеуметтік қорғау шаралары қарастырылған.

Дегенмен, заң жобасының кей бағыттарын қайта қарау керек. Сенаторлар өңірлерді дамытуға және бизнес пен азаматтарды әлеуметтік қолдауға бөлінетін қаражатты ұлғайтуға байланысты кемшіліктер бар деп отыр. Сол себептен Сенат депутаттары еліміздің басты қаржы құжатына бірқатар түзетулер енгізіп, Мәжіліске қайтарды.

МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

 

Тақырып бойынша материалдар

ЕЛІМІЗДЕ ТҰРАҚТЫ АСТЫҚ ҚОРЫ ҚҰРЫЛАДЫ
20:34, 24 қараша 2020
ЕЛІМІЗДЕ ТҰРАҚТЫ АСТЫҚ ҚОРЫ ҚҰРЫЛАДЫ
Толығырақ...
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРДЫ ШЕШУДІҢ ЖОЛ КАРТАСЫ БЕКІДІ
20:32, 24 қараша 2020
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРДЫ ШЕШУДІҢ ЖОЛ КАРТАСЫ БЕКІДІ
Толығырақ...
«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ САЯСИ КЕҢЕСІ БЮРОСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
20:31, 24 қараша 2020
«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ САЯСИ КЕҢЕСІ БЮРОСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛДА 186 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
17:15, 19 қараша 2020
ПЕТРОПАВЛДА 186 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫСТА 606 ЖЕРГЕ ҚОҚЫС ЗАҢСЫЗ ТАСТАЛҒАН
20:35, 19 қараша 2020
ОБЛЫСТА 606 ЖЕРГЕ ҚОҚЫС ЗАҢСЫЗ ТАСТАЛҒАН
Толығырақ...
БІР ТӘУЛІКТЕ 85 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
20:35, 20 қараша 2020
БІР ТӘУЛІКТЕ 85 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
Толығырақ...