Америкалық «Valmont Industries» Қазақстанда алдыңғы қатарлы суару жүйелері зауытын ашады. Премьер-Министр Асқар Мамин бейнеконференция режимінде компания президенті Стивен Каневскимен келіссөз жүргізді. Тараптар мал және тұқым шаруашылығы, селекция, тамшылатып суару, аграрлық ғылым және білім салаларында тәжірибе алмасу келешегін талқылады. Келіссөз қорытындысы бойынша инвестициялар туралы келісімге қол қойылды. Құжат Қазақстанда демонстрациялық фермалар желісін құруды және заманауи суару жүйелерін енгізіп, дақылдардың өнімділігін басқаратын зауыт салуды көздейді. Америкалық ирригация технологиялары егін сапасын арттыруға және су шығынын 50-70%-ға азайтуға мүмкіндік береді.