ШҰҒЫЛ! ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫ БӘСЕҢСІМЕЙДІ Толығырақ

АПАТ СЕБЕБІ АНЫҚТАЛЫП ЖАТЫР

17:54, 30 желтоқсан 2019

Ұшақ апатқа ұшырағанда Бек Эйр әуе компаниясы өкілдерінің халық алдына шығып кешірім сұрамауы – ардың ісі. Бірақ қайғылы жағдайға душар еткендер кім болса да лайықты жазасын алады. Мен мұны үкімет атынан ресми түрде мәлімдеймін деді Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр. Сондай-ақ ол Бек Эйр авиакомпаниясының жұмысына мүлдем шектеу қоюды авиациялық әкімшілік шешетінін айтты. Бірақ кезінде Бек Эйрге IOSA сертификатынсыз-ақ тасымал жасауға рұқсат берілді. Сертификат халықаралық бағыттағы ұшақтарға талап етілгенімен ішкі тасымал үшін де қажет еді. Яғни әуекемесі туралы әңгіме қозғалғанда қауіпсіздікті күшейту артық болмайды. Бұл енді болашаққа сабақ болды. Ал оқиға орнынан табылған қара жәшік мамандардың қолында.

РОМАН СКЛЯР, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Борттағы үш жазу құралы қатты бүлінбеген. Мемлекетаралық авиация комитетіне кеше жеткізілді. Ондағы мамандар мереке күндеріне қарамай жұмыс істеп, жазбадағы ақпаратты анықтап береміз,-деп уәде етіп отыр. Ал біз 10-шы қаңтарға дейін тексерудің алдын ала нәтижесін жеткіземіз.

Алматы түбінде болған апатқа қатысты ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев 3 нұсқа келтірді. Біріншісі – ұшақ экипажының қателігі. Екіншісі – ұшақтағы техникалық ақау және соңғысы – әуежайдың навигациялық қызметіндегі ақау. Қазір біздің сарапшылар ұшақты жасаған зауыт мамандарымен бірлесіп жұмыс істеп жатыр.

 

Тақырып бойынша материалдар

ЗАҢ ЖОБАСЫ БІРІНШІ ОҚЫЛЫМДА МАҚҰЛДАНДЫ
20:34, 26 наурыз 2020
ЗАҢ ЖОБАСЫ БІРІНШІ ОҚЫЛЫМДА МАҚҰЛДАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ИНТЕРНЕТ АРҚЫЛЫ ТАПСЫРЫС ЖАСАЙТЫНДАР АРТТЫ
17:18, 27 наурыз 2020
ИНТЕРНЕТ АРҚЫЛЫ ТАПСЫРЫС ЖАСАЙТЫНДАР АРТТЫ
Толығырақ...