ШҰҒЫЛ! ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ ҚАЛАДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС АЛАҢДАРЫН АРАЛАДЫ Толығырақ

АУДАНДА АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН АЙШЫҚТЫ ІСТЕР

17:18, 8 шілде 2020

Ақжар ауданындағы Ақжарқын ауылдық округінде былтыр мектеп жөнделіп, биыл 13 көшеге қиыршық тас төселді. Бүгінде елді мекеннің басты көшесінде жарық шамдары орнатылып, жергілікті мәдениет үйі қалпына келтіріліп жатыр. Одан бөлек аудан орталығы Талшықта аумағы 7140 шаршы метрді құрайтын стадионда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ауданға жұмыс сапарымен барған өңір жетекшісі Құмар Ақсақалов атқарылып жатқан айшықты істердің барысын көріп, жергілікті жас кәсіпкерлермен жүздесті. Жаңа технология незінде жем-азық дайындауды қолға алып, ауқымды жылы жай кешенінің құрылыс бастаған фермерлік қожалыққа да ат басын бұрды

Облыс әкімі ең алдымен Ақжарқын ауылдық округіне ат басын бұрды. Мұнда былтыр мектеп жөнделіп, биыл 13 көшеге қиыршық тас төселіпті. Одан бөлек басты өшеге жарық шамдары орнатылған. Бүгінде ауылды потенциалы жоғары елді мекендердің қатарына қосуға болады. Былтырдан бастап мұнда күнгейден және Нұр-Сұлтаннан қоныс аударушыларға арналып баспаналар тұрғызылуда. Ал үстіміздегі жылы жергілікті мәдениет үйін қалпына  келтіру жұмыстары қолға алынған.

ЕРМЕК ҚАЙЫРЖАНОВАҚЖАРҚЫН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ:

- Осы мәдениет үйіміз президентіміздің арқасында биыл «Еңбек» бағдарламасы бойынша 19,4 млн ақша бөлініп, «Альянс Петропавл» ЖШС 28 мамырдан бастап жұмысқа кірісті. Төбесі бәрі істеліп, жатыры жөнделіп, сәнін келтіріп, ішін әлеу, қасбетін жөндеу жұмыстары жөнделіп жатыр.

НҰРСҰЛТАН ТІЛЕКТЕСО, ТІЛШІ:

- Көріп тұрғандарыңыздай ғимарат сонау 1964 жылы салынған. Содан бері күрделі жөндеу көрмепті. Тек 2008 жылы ішкі әрлеу жұмыстары ғана жүргізілген.

Бүгінгі таңда жөндеу жұмыстары 80 процентке аяқталды. Жұмысшылар демалыссыз еңбек етуде. Мақсат - ғимаратты межелі мерзімде қолданысқа беру.

НҰРСҰЛТАН ТІЛЕКТЕСОВ, ТІЛШІ:

- Ауыл әкімінің айтуы бойынша бұл жаңа кейіпке енген мәдениет үйінің бірінші қабатында фитнес зал ашылады. Ал, екінші қабатында LED экран орнатылмақ. Қазір мұнда жұмыс қызған, 7 адам еңбектенуде. Ғимарат шілде айының соңына дейін қолданысқа беріледі.

Ғимаратты аралап, жөндеу жұмыстарымен жіті танысқан Құмар Ақсақалов жағдайды бағамдай келе ең алдымен сапаға баса мән беру керек деді. Сонда ғана жасалған іс халықтың көңілінен шықпақ.

ҚҰМАР АҚСАҚЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Көп функционалды мәдениет үйі болуы керек. Тек қана  Совет үкіметінің кезіндегі бір зал ғана емес. Қазір киноға да ешкім бармайды ауылда. Сондықтан спортпен де шұғалдануы керек. Үлкені, жасы осында келіп түрлі-түрлі үйірмелерге қатысса жақсы болады. Сол үшін біз көпфунционалдық болсын деп талап қойып отырмыз

Ақжарқын ауылынан шығып өңір жетекшісі Дәуіт елді мекеніне жол тартты. Мұнда 2017 жылы «Бекет» ФҚ 600 басқа шақталған сүт фермасын ашқан болатын. Арадан  екі жарым жыл уақыт өтті. Бүгінде фермада күніне 900-1000 литрге дейін сүт сауылады. Оны күн сайын «Гормолзавод» ЖСШ алып кетіп отырады. Фермерлік шаруашылық басшысы Марат Шәпеновтың айтуынша олар ақтың бір литрін 145 теңгеден саудалайды. Оған тағы мемлекет тарапынан берілетін субсидияны қосыңыз, бір сөзбен айтқанда өте тиімді іс.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

2 жылдың ішінде Марат Шәпенов 3 ферма ашып ашты. Мінекей қандай жақсы жұмыс. Басқа шаруашылық басшылары үлгі алу керек. Мемлекет тарапынан қолдау бар. Қаражат бөлініп жатыр. Істеу керек жұмысты. Мүмкіндікті пайдалану керек.

Кәсіпкер Марат Шәпенов былтыр 900 басқа шақталған бордақылау алаңын да ашты. Осылайша ауыл халқын жұмыспен қамтып, елді мекеннің әлеуетін көтеріп отыр. Тіпті оңтүстіктен қоныс аударушыларды жұмысқа алып, оларға баспаналар тұрғызуда. Тағы бір айта кететін жайт фермерлік қожалық былтырдан бастап гидропониканы қолданып жылыжай ашқан. Онда мал азығына қоспа ретінде пайдаланылатын арпа өсіріледі.

МАРАТ ШӘПЕНОВ, «БЕКЕТ» ФҚ БАСШЫСЫ:

- Мақсатымыз жасыл әрі пайдалы жем азық алу. Күніне 1,5 тонна алып жатырмыз. Бір басқа қазір 3 кг беріп жатыр. Осы қоспаны жемге қосу арқылы сиырлардың сүтін арттырып отырмыз.

Айта кету керек бұл шетелдік таңсық технология облысымызда алғаш рет қолданысқа енгізілді. Фермерлік қожалық базасында облыс әкімі ауданның бір топ диқанын жинап, атқарылған және атқарылу тиіс жұмыстардың жайын сұрап білді. Бүгінде ауданда 246 шаруа қожалығы бар. Олардың тек 25-і ғана мал шаруашылығымен айналысады екен. Осы орайда аймақ басшысы Құмар Іргейбайұлы фермерлерге мал ұстауға кеңес берді.  

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Ескертемін, алдағы уақытта заңнамаға өзгерістер енгізілуі әбден мүмкін. Мысалы егістік алқаптары бар, бірақ мал шаруашылығымен айналыспайтын серіктестіктерді мал ұстауға итермелеуі ғажап емес. Көнбесеңіздер бастапқы уақытта айыппұлмен құтылуларыңыз мүмкін. Бірақ уақыт өте келе, мал ұстамайтындар ұстайтындарға жерлерін босатып берулеріне тура келеді. Өйткені қаншама жайлымдық алқаптар боспайдалынлай жатыр.

 «Бекет» ФҚ базасында биыл ірі  жылыжайдың құрылысы бастылды. Жоспар бойынша оған көкөніс пен жеміс-жидек егіледі. Осылайша сырттан әкелінентін азық-түлікті өздерінде өндіріп, аудан халқының сұранысын қанағаттандыратын болады. Аймақ басшысы болған соңғы нысан – аудан орталығы. Онда ол жергілікті жас кәсіпкерлермен кездесті. Сондай-ақ қонақ-үй кешенінің құрылысымен, Талшық орта мектебі мен орталық стадионда жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының барысын көрді. Стадионды қалпына  келтіру жұмыстарымен елордалық «Гранит-М» ЖШС айналысуда. Мұнда қазір жаңадан газон төселіп, жүгіруге арналған жолақтар жасалуда, одан бөлек жанынан валейбол және баскетбол алаңы салынауда. Бөлінген қаражат 52 млн теңгеге жуықтайды.

Аудан әкімі Ербатыр Мадъяровпен әңгіме барысында Құмар Ақсақалов оңтүстік өңірлерден солтүстікке қоныс аударушыларға жағдай жасау мәселесін де көтерді. Айта кеткен жөн, биыл көшіп келушілерге арналып облыс бойынша 800 үй тұрғызылады. Оның 59-ы Ақжар ауданына тиесілі. Осылайша жұмыс сапарын қорытындылаған облыс әкімі аудан өкілдеріне сәттілік тілеп, іскер азаматтарға өндіріс көлемін ұлғайтуға қытысты нақты іс-шараларды қолға алуға кеңес берді.

Нұрсұлтан ТІЛЕКТЕСОВ

 

Тақырып бойынша материалдар

 БИОҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕЛЕРІН ЗАҢНАМАЛЫҚ РЕТТЕУ ҮШІН ЗАҢ КЕРЕК
20:33, 7 тамыз 2020
БИОҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕЛЕРІН ЗАҢНАМАЛЫҚ РЕТТЕУ ҮШІН ЗАҢ КЕРЕК
Толығырақ...
ҮКІМЕТТЕ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ
20:32, 7 тамыз 2020
ҮКІМЕТТЕ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПОЛИЦЕЙЛЕР «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСУДА
17:23, 4 тамыз 2020
ПОЛИЦЕЙЛЕР «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСУДА
Толығырақ...
ЖАҢА САЯБАҚТА КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
17:28, 4 тамыз 2020
ЖАҢА САЯБАҚТА КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Толығырақ...