ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ТАЙЫНША АУДАНЫНА ЖҰМЫС САПАРЫ Толығырақ

АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС САЛАСЫНА МАМАНДАР ҚАЖЕТ

20:38, 20 қыркүйек 2019

Азаматтық қорғаныс саласы қызметкерлерінің жалақысы 65 пайызға дейін, ал Көкшетау техникалық институты оқытушыларының айлығы 25 процентке өседі. Бұл туралы ҚР Парламенті Сенаты халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің Ақмола облысындағы көшпелі отырысында айтылды. Өңірге барған жоғары палата депутаттары Щучье қаласындағы Шоқан Уәлиханов атындағы кадет корпусының жұмысымен танысты. Оқу орнында болашақ әскерилерді дайындау үшін барлық жағдай жасалған. Ал Көкшетаудағы бірнеше жыл бұрын ашылған өрт сөндіру бекетінің материалдық-техникалық жабдықталуы қазіргі заман талабына толық сай. Дегенмен, азаматтық қорғаныс саласында білікті мамандар тапшы. Олқылықтың орнын толтыру үшін Көкшетау техникалық институтының мүмкіндіктерін кеңейту керек. Шетелден де қызығушылық бар. Бірақ, құтқарушыларды дайындайтын білім ордасы оқуға түсетіндер санын көбейте алмай отыр. Себебі қажетті материалдық-техникалық база жоқ. Тіпті қазірдің өзінде 4 курс курсанттарына жатақханадан орын жетіспейді. Жаңа оқу ғимараты да керек.  Қос нысанды салуға 5 миллиард теңге қажет. Депутаттар министрлік қажетті құжаттарды әзірлесе, республикалық бюджеттен қаржы бөлуді қарастыратындықтарын жеткізді.

ДАНА НҰРЖІГІТ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

- Бұл мәселеде әлі түйткілді дүниелер көп екен және әзірше біз ұсыныс күтіп отырмыз. Жобаның сметасын даярлау керек және жобаның негіздемелерін жасау керек. Ол осы институттың басшыларының және министрліктің өз құзырындағы жұмыс. Ал енді жоғарғы палата өкілдерінің заң тұрғысынан жасаған көмегі осы деңгейді әзірге көңіл көншітерлік деп айтуға болады.

Тақырып бойынша материалдар

ПРЕЗИДЕНТ ТҮРКИЯ БАСШЫСЫ РЕЖЕП ТАЙЫП ЕРДОҒАНМЕН ТЕЛЕФОН АРҚЫЛЫ СӨЙЛЕСТІ
20:31, 25 мамыр 2020
ПРЕЗИДЕНТ ТҮРКИЯ БАСШЫСЫ РЕЖЕП ТАЙЫП ЕРДОҒАНМЕН ТЕЛЕФОН АРҚЫ...
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ А. КӨЛГІНОВТЫ ҚАБЫЛДАДЫ
20:30, 25 мамыр 2020
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ А. КӨЛГІНОВТЫ ҚА...
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ТАЙЫНША АУДАНЫНА ЖҰМЫС САПАРЫ
13:01, 25 мамыр 2020
ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ТАЙЫНША АУДАНЫНА ЖҰМЫС САПАРЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ 207 МЛН ТЕҢГЕ ҮСТЕМЕАҚЫ БЕРІЛДІ
13:04, 22 мамыр 2020
МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ 207 МЛН ТЕҢГЕ ҮСТЕМЕАҚЫ БЕРІЛДІ
Толығырақ...