ШҰҒЫЛ! СУДЬЯЛАРДЫҢ VIII СЪЕЗІ ӨТТІ Толығырақ

БАС МҮФТИ АУЫСТЫ

17:51, 7 ақпан 2020

Еліміздің бас мүфтиі ауысты. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы қызметіне Наурызбай қажы Тағанұлы сайланды. Бүгін Елордада басқарманың кезектен тыс ІХ Құрылтайы өтіп, жиналған 300 делегат Серікбай қажы Ораздың ұсынған кандидатурасына бірауыздан дауыс берді. Оның діни салада тәжірибесі мол. Осыған дейін ҚМДБ төрағасының Бірінші орынбасары, «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы қызметін атқарды. Биыл қаңтарда діни басқарманың құрылғанына 30 жыл толды. Осы мерейтой аясында 30 мешітке ел игілігі жолында қызмет еткен тұлғалардың, соның ішінде әл-Фараби мен Абайдың есімін берілмек. 30 елді-мекеннің ауыз су, жол-көпір мәселесіне оң ықпал ету, 30 отбасыға қайырымдылық жасау, 30 студентке грант тағайындау және 30 мешітке күрделі жөндеу жүргізу сияқты жұмыстар қолға алынған. 

НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ, ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ ДІНИ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ, БАС МҮФТИ:

- Әрине, бұл мен үшін ең үлкен жауапкершілік. Мен енді өмірде көрген тәжірибемді, оқыған білімімді, ағалардан алған ақылымды барынша еліме қызмет етуге жұмсайтын боламын.  Біздің де мақсатымыз үлкен. Оның бірі өзіміздің қазақстандық ислам мектебін орнату.  Және де 21 ғасыр, ақпараттық дамыған. Сондықтан имамдарымыз да халықтың сұранысына сай болатындай білікті, зияткер, интеллектуалды имамдарымызды қалыптастыру жоспарымызда бар.

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРДІҢ СӘЙКЕСТІГІНЕ МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ
20:41, 23 қазан 2020
МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРДІҢ СӘЙКЕСТІГІНЕ МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ
Толығырақ...
ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ОБЛЫСҚА 300-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ ҚОНЫС АУДАРАДЫ
20:38, 23 қазан 2020
ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ОБЛЫСҚА 300-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ ҚОНЫС АУДАРАДЫ
Толығырақ...
АУЫЛ-АЙМАҚТАРДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ПАРЛАМЕНТТЕ ҚАРАЛДЫ
20:36, 23 қазан 2020
АУЫЛ-АЙМАҚТАРДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ПАРЛАМЕНТТЕ ҚАРАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
13:05, 23 қазан 2020
БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
Толығырақ...
АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА 4 МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛДІ
13:01, 19 қазан 2020
АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА 4 МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛДІ
Толығырақ...
ӨҢІР ДӘРІГЕРЛЕРІ КОВИД-19 ВИРУСЫНЫҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫНА ДАЙЫН
20:40, 22 қазан 2020
ӨҢІР ДӘРІГЕРЛЕРІ КОВИД-19 ВИРУСЫНЫҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫНА ДАЙЫН
Толығырақ...