Биоқауіпсіздік мәселелерін заңнамалық реттеу үшін тиісті заң жобасын әзірлеу қажет. Бүгін Президенттің тапсырмасымен құрылған Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі кеңестің отырысын өткізген Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов осылай деді. Жетекші отандық ғалымдар мен сарапшылардың басын қосқан бейнеконференцияда, жалпы аталған саланың өзекті мәселелері қараалды. Әсіресе, қазіргі пандемия жағдайында биологиялық қауіпсіздік саласын дамытудың маңызы зор деген Ералы Тоғжанов, Кеңес мүшелеріне жаңа технологияларды енгізуді, цифрландыруды, ғылыми жаңалықтарды, сондай-ақ болашақты болжайтын деректерді ескере отырып, биоқауіпсіздікті ілгерілету бойынша жүйелі ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.