ШҰҒЫЛ! ҚАРЖЫ НАРЫҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАЛАПТАРҒА САЙ БОЛУЫ ШАРТ Толығырақ

БІРҚАТАР КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗІЛДІ

20:33, 15 қараша 2019

Қазақстан мен Въетнам парламентаралық серіктестігін одан әрі нығайта түседі. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулиннің Социалистік Республикаға ресми сапары кезінде осындай келісім орнады. Мәжіліс спикері Въетнам Ұлттық жиналысының төрағасы Нгуен Тхи Ким Нганмен кездесті. Қос тарап парламенттердің заңнамалық жұмысын үйлетірудегі жаңашылдықтар бойынша тәжірибе алмасу қажеттігін алға тартты. Жалпы Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен еркін сауда аймағын құрған Вьетнаммен байланыс арта түспек. Тауар айналымы былтыр жарты млрд  долларға жетіп жығылды. Вьетнам бізден металл, бидай импорттаса, Қазақстанға жеңіл және тамақ өнеркәсібі  өнімдерін экспорттайды.

НҰРЛАН НЫҒМАТУЛИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ СПИКЕРІ:

- Вьетнам жерінде өткен кездесулер біздің екі елдің даму жолында ортақ мақсаттар, бірлескен жобалар көп екенін көрсетті. Олардың барлығын заң жағынан қолдау үшін сонымен бірге парламентаралық достықты ары қарай нығайту үшін біз бірқатар келісімдерге қол жеткіздік. Бұл келісімдер Қазақстан және Вьетнам арасындағы байланысты одан әрі күшейтуге жол ашады деп сенеміз.

Тақырып бойынша материалдар

ШЕТЕЛ ЕЛШІЛЕРІ ПРЕЗИДЕНТКЕ СЕНІМ ГРАМОТАЛАРЫН ТАПСЫРДЫ
20:32, 1 шілде 2020
ШЕТЕЛ ЕЛШІЛЕРІ ПРЕЗИДЕНТКЕ СЕНІМ ГРАМОТАЛАРЫН ТАПСЫРДЫ
Толығырақ...
ҚАРЖЫ НАРЫҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАЛАПТАРҒА САЙ БОЛУЫ ШАРТ
20:30, 1 шілде 2020
ҚАРЖЫ НАРЫҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАЛАПТАРҒА САЙ БОЛУЫ ШАРТ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АҚПАРАТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІКТЕРІ ҰЛЫҚТАЛДЫ
20:33, 26 маусым 2020
АҚПАРАТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІКТЕРІ ҰЛЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...