ШҰҒЫЛ! ТӘРТІПКЕ БАҒЫНБАҒАНДАР АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙДІ Толығырақ

БИЫЛ ЕЛОРДАДА 13 МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

20:32, 21 мамыр 2020

Биыл бас қалада 10 мың оқушыға шақталған 13 мектеп пайдалануға беріледі. Ал алдағы екі жылда тағы 19 білім ұясы бой көтереді. Бұл туралы үкімет басшысы Асқар Маминнің төрағалығымен өткен мемлекеттік комиссияның отырысында айтылды. Сондай-ақ биыл елорданы газбен қамтамасыз ету жұмысы жалғасын табады. Газ жеткізудің алғашқы кезегі бойынша Көктал, Железнодорожный, Промышленный және «Оңтүстік-Шығыс» тұрғын үй алқаптарында құрылыс жұмыстары жүреді. Премьер-министр мектеп, бала-бақша сынды әлеуметтік нысандардың құрылысы жоспарға сай жүру керектігін тапсырды. Қаланы абаттандыру жұмыстарын да ширату керектігі айтылды.

АСҚАР МАМИН6 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

- Елорда құрылысы – Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жүзеге асырған тарихи жоба. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев алдымызға елорданы дамыту жөнінде бірқатар нақты міндеттер қойды. Енді біздің басты міндетіміз – қаланың тұрақты дамуын қамтамасыз ету, оның инфрақұрылымын, сыртқы келбетін жақсарту. Елорда өмір сүру сапасының деңгейі бойынша барлық өңірге үлгі болуы тиіс.

 

Тақырып бойынша материалдар

ПАРЛАМЕНТТІК ОППОЗИЦИЯ ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ СЕНАТТА МАҚҰЛДАНДЫ
20:36, 28 мамыр 2020
ПАРЛАМЕНТТІК ОППОЗИЦИЯ ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ СЕНАТТА МАҚҰЛДАНДЫ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІН ҚАБЫЛДАДЫ
20:35, 28 мамыр 2020
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІН ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТ «САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ҰК БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫН ҚАБЫЛДАДЫ
20:33, 28 мамыр 2020
ПРЕЗИДЕНТ «САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ҰК БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫН ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар