ШҰҒЫЛ! АҚОРДАДАҒЫ ҚАБЫЛДАУ Толығырақ

ДАМУ БАҒЫТЫ АЙҚЫН

20:49, 2 қыркүйек 2019

СЫНДАРЛЫ ҚОҒАМДЫҚ ДИАЛОГ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ӨРКЕНДЕУІНІҢ НЕГІЗІ. Президент Қазақстан халқына Жолдауын жариялап, алдағы өркендеу жолындағы іс-қимылдарды белгілеп берді.  Атап айтқанда, мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыру, азаматтардың құқықтарын, еркіндіктері мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, дамыған және инклюзивті экономиканы қалыптастыру, халықты әлеуметтік қамту бағыттарына ерекше тоқталды. Мемлекет басшысының Жолдауын мемлекеттік телеарнадан университет студенттері де тыңдады. 

Президент басым бағыттардың бірін әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі деп атады. Онда әлеуметтік мәселелерді шешуге ерекше екпін берілген. Білім беру сапасын жақсарту да маңызды орында тұр. Мемлекет басшысының айтуынша, қала мен ауыл мектептері арасындағы орта білімнің сапасы алшақтап барады. Ауылдық жерлерде білікті педагог кадрлар тапшы. Сондықтан «Дипломмен – ауылға» бағдарламасының аясы кеңейтілмек. Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев келесі жылдан бастап бұл бағдарламаны қаржыландыруды 20 млрд. теңгеге жеткізуді тапсырды.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ,  ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

- Мұғалімдер мен оқытушылардың әлеуметтік жағдайын жақсартпасақ, бұл шаралар жүзеге аса қоймайды. Сондықтан мен Тамыз конференциясында алдағы төрт жыл ішінде мұғалімдердің еңбек ақысын екі есе арттыруды тапсырдым. Бұл – келесі жылдан бастап ұстаздардың жалақысы 25 пайызға өседі деген сөз.

ҰЛДАНАЙ АНДАҚҰЛОВА,  М. ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚМУ СТУДЕНТІ:

- Мұғалімдердің жалақысын көтереміз деді. Жалақысы жақсы болса, педагог жұмысты бар ынта-ықыласымен істейді. Өйтпеген жағдайда, білімнің сапасы нашарлайды. 

Жолдауда айтылғандай,  ауыл жастарының арасынан дарындылары іріктеліп, отандық және шетелдік жоғары оқу орындарында арнайы дайындықтан өтеді. Сондай-ақ, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан дарынды баланың қабілетін дамытуға қолдау ерекше болмақ. Маңызды саяси құжатта универрситеттердің санын қысқарту жайы қозғалды. Түлектерді жұмыспен қамту бағыты бойынша отандық жоғары оқу орындарының жартысы 60 пайыздық деңгейге қол жеткізіп отыр. Нәтиже бермегендер нарықтан кетеді. 

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕ,  ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

- Терең білім берудің орнына диплом сатумен айналысқан университеттеріміз бар екені де жасырын емес. Бірінші кезекте соларға тыйым салу арқылы біз оқу орындарындағы білім беру сапасын арттыруға күш саламыз. Білім саласына қатысты тағы бір мәселе – қаржыландырудың біркелкі болмауы және өңірлік басқарудың қазіргі жүйесінің тиімсіздігі. Білім бөлімдерін басқару және бюджет қаржысын әкімшілендіру функцияларын аудандық деңгейден облыстық деңгейге беру керек.

Алдағы уақытта ғылымға баса назар аударылады.  Президенттің бұл ойы  солтүстікқазақстандықтар тарапынан зор қолдау тапты.

Берік ҚАСЕН

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар