ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ ТЕКСЕРІЛДІ Толығырақ

ДЕНСАУЛЫҚ КОДЕКСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

20:32, 13 ақпан 2020

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірлік бюросының директоры Ханс Клюге бастаған делегациямен кездесті. Тараптар алғашқы медициналық-санитарлық көмек саласындағы өзара іс-қимыл, озық технологияларды енгізу, медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мәселелерін қозғады. Нұрлан Нығматулин қазіргі уақытта Мәжілісте қаралып жатқан Денсаулық кодексі туралы заң жобасымен жан-жақты жұмыс істеу үшін депутаттар оның нормаларын түрлі диалог алаңдарында кеңінен талқылап жатқандығын атап өтті. Жұмыс тобының құрамында депутаттармен қатар үкіметтік емес ұйымдардың, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, ғалымдар, дәрігерлер және медициналық білім саласындағы мамандар бар.

НҰРЛАН НЫҒМАТУЛИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Сонымен қатар Премьер-министр Асқар Мамин де Ханс Клюгемен кездесті. Кездесу барысында Денсаулық сақтау министрлігі мен Еуропалық өңірлік бюро арасындағы 2020-2022 жылдарға арналған келісімге отыру мәселесі талқыланды. Өз кезегінде Асқар Мамин Қазақстанға төтенше жағдайлар бойынша Өңірлік орталық мәртебесін беру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

 

Тақырып бойынша материалдар

ТАУАР АЙНАЛЫМЫНДАҒЫ КЕДЕРГІЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
20:33, 24 ақпан 2020
ТАУАР АЙНАЛЫМЫНДАҒЫ КЕДЕРГІЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫС ӘКІМІ ЖАРАСБАЙ СҮЛЕЙМЕНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ
17:52, 19 ақпан 2020
ОБЛЫС ӘКІМІ ЖАРАСБАЙ СҮЛЕЙМЕНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...