ШҰҒЫЛ! ТӘРТІПКЕ БАҒЫНБАҒАНДАР АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙДІ Толығырақ

ДЕПУТАТТАР ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

13:01, 14 қаңтар 2020

ҚР Парламентінің Сенат, Мәжіліс депутаттары өңірге жұмыс сапары барысында Уалиханов және Ақжар аудандарының тұрғындарымен кездесті. Жиында  халықты 2020 жылдың 1 қаңтарынан заңдарға енген өзгерістермен таныстырды. Жұрттың арыз-өтінішін тыңдады. 

Парламенттің жоғарғы және төменгі палаталарының депутаттары Ерік Сұлтанов пен Абай Тасболатов Уалиханов ауданындағы №2-ші мектепте болып, жергілікті музейді тамашалады. Музей ауданның бай тарихы мен елдің дамуына елеулі үлес қостақ азаматтары жайында кеңінен мағлұмат беретін жәдігерлерге толы.  Кейін депутаттар мектеп ұжымы мен аудан белсенділерімен кездесіп, Парламентің соңғы  сессиясының жұмысымен таныстырды.  Депутаттар 83 заң жобасын қарастырып, заңға 266 толықтыру мен өзгеріс енгізіпті.

АБАЙ ТАСБОЛАТОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

- Заңның бірқатар  талабын қатайттық. Айталық сіздердің сұрауларыңыз бойынша, мал ұрлау мен заңсыз аңшылықты қылмыстық санатқа жатқыздық. Енді қылмыскерлерге кем дегенде 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады.

«Педагог  мәртебесі» туралы  туралы заңда ұстаздардың еңбек ақысы мен жұмыс жағдайын жақсарту шаралары қарастырылған. Бұл жайында Парламент Сенатының депутаты Ерік Сұлтанов айтып берді.

ЕРІК СҰЛТАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

- Алдағы 6 жылда педагогтар  үшін 9,5 триллтон теңге бөлінбекші.  Апаттаық жағдайдағы меткептер мен 3 ауысымда жұмыс істеп жүрген мектептердің мәселесі шешіледі.  Мұғалімдердің еңбекақысы 4 жылда 100 процент өседі. 

Депутаттар жеткізген тағы бір жағымды жаңалық: биыл  Қазақстанның үздік мұғалімі белгісін алған ұстазға сыйақы ретінде  2 млн 651 мың теңге беріледі. Оған қоса депутаттар жиналғандарды ауылшаруашылық пен ветеринария саласына қатысты заңдағы өзгерістерімен де таныстырды. Енді егінді сақтандыру міндетті емес, ал сақтандырғандардың жұмсалған қаражаты субсидияланады. Зиянкестердің жаппай таралу жағдайлары орын алғанда, онымен күресті мемлекет өз мойнына алады. 

Кейін депутаттар Ақжар ауданының орталығы Талшық селосының белсенділерімен де кездесті. Мұнда олар тұрғын үй шаруашылығында болған өзгерістер жайында сөз қозғады.  Пәтер иелері кооперативінің жұмысы  біртіндеп қызмет көрсету компанияларының құзіретіне беріледі.Көпқабатты үйлердің шатыры мен қабырғаларын жөндеу сияқты ауқымды қаражатты қажет ететін жұмыстарға мемлекет қолдау көрсетеді. Депутаттар жиналған қауымның өтініштерін тыңдап, сұрақтарына жауап берді.   

БОЛАТ ЗАКЕНОВ, АҚЖАР АУДАНЫНЫҢ БЕСТЕРЕК ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Оған қоса, жиналғандар ауданның елдімекендерінде ұялы байланыс пен интернеттің жоқтығына шағымданып, халық қалауларын мәселені шешуге ат салысуды сұрады.

Тақырып бойынша материалдар

ПАРЛАМЕНТТІК ОППОЗИЦИЯ ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ СЕНАТТА МАҚҰЛДАНДЫ
20:36, 28 мамыр 2020
ПАРЛАМЕНТТІК ОППОЗИЦИЯ ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ СЕНАТТА МАҚҰЛДАНДЫ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІН ҚАБЫЛДАДЫ
20:35, 28 мамыр 2020
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІН ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТ «САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ҰК БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫН ҚАБЫЛДАДЫ
20:33, 28 мамыр 2020
ПРЕЗИДЕНТ «САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ҰК БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫН ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар