ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫНА ҮНДЕУ ЖАСАДЫ Толығырақ

ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ ҰСЫНДЫ

20:32, 23 қыркүйек 2020

Карантин уақытында тұрмыстық зорлық зомбылық оқиғалары 25 пайызға артқан. Салдарынан әлбетте әйелдер мен балалар зардап шегіп жүр.  Бүгін мәжіліс мінберінде депутаттары осы мәселені көтерді. Бірінші оқылымда қаралған құжатқа сәйкес енді жәбір көрсеткен адамның үстінен арыз түссе бір жылда бір-ақ рет татуласуға мүмкіндік беріледі.  Екінші рет қайталаса түрмеге қамалады.  Сондай ақ арызданған зардап шегуші мен күдікті азаматты 30 күн бойы жолықтырмау ұсынылды. Жаңа заңның жай жапсарын Раушан Сайлауқызы толықтырады. 

Елімізде 8 айдың ішінде  130 мыңнан отбасылық зорлық-зомбылық оқиғалары тіркелген. Олардың 2 жарым мыңы қылмыстық, 30 мыңнан астамына әкімшілік жаза тағайындалады. Ал қалғаны кешірім берген. Енді  заңдағы ұсынысқа сәйкес, жәбірленушінің татуласуына  жылына бір рет мүмкіндік  беріледі. Қайталанса айыпталушы 20 тәулікке дейін  қамауға алынады.

ИРИНА УНЖАКОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

- Алдын-алу, анықтау, бақылау, жолын кесу, жазалау және түзету. Бүгін біз ұсынған заң осы міндеттердің дер кезінде орындалуын көздейді. Соның нәтижесінде ұрыс-керістің себеп салдары айқын дәлдікпен көрсетіледі.  Ішкі істер органдарының жұмыс форматы сәл өзгеру керек. Зардап шегушіден өтінім түскесін емес, түспей тұрып себеп салдарын анықтауға кірісу керек. Мәселен, желідегі жазбаларды қарап ақ жедел алдын-алу шараларын қабылдауға болады. 

Жанжалдың болғаны емес,  болдырмаудың амалын қарастыру керек. Заңда қаралған өзгертудің өзектілігі осы. Яғни, профилактика. Алдымен агресиялық күйдегі отбасы мүшесінің мінез-құлқын түзету үшін  психологиялық моральдық көмекке басымдық беру керек. Бұдан бөлек, отбасылық конфликтіге куә болған туған туыстары, көршілері бірден құзырлы органға хабарлауы тиіс.

АЛЕКСЕЙ КАЛАЙЧИ, ҚР ІШКІ ІСТЕР ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

- Осы заңға сәйкес, біз учаскелік полицейдің қызметін кеңейтпекпіз. Тұрмыстық-зорлық зомбылық оқиғалары тіркелген отбасылардың ортақ  тізімі бекиді. Соған сәйкес, ақпараттың жалған яки шын екеніне бірден қортынды шығаруға болады.  

Сондай мәжілісте  тұрмыстық зорлық зомбылық оқиғасына  балалар куә болса жазаны ауырлату ұсынылды.  Соңғы бес айда қаралған істің 10 пайызы сотқа жетіп, тек 3  пайызы жазаланған. Өтініштерін кері қайтарып алушылардың көптігінен зардап шегушілер саны азаймай отыр.

НҰРЛАН НЫҒМАТУЛЛИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

-  Жанжал болған жерге полицей келеді, қорқытады, кетеді. Мұндай жағдай жиі қайталанады. Себебі арыз жазушы ойланып қалады. 10 өтінім түссе, 2еуі ғана сотқа жетеді. Полицейлер тарапынан кешіре салу, көз жұма салу деген болмау керек. Таяқ жеген адам соны дәлелдеу үшін 5  мемлекеттік органды кезіп жүреді. Бұлай болмау керек. Меніңше, осы заңның аясында жедел обьективті қарапайым түсінікті механизм әзірлеу керек.

Келер жылы тұрмыстық зорлық зомбылыққа қарсы іс қимыл жөнінде  ұлттық баяндама әзірленеді.  Құжат осы тақырып аясында қабылданатын шараларды, проблемалар мен шешу жолдарын, статистикалық мәліметтерді және талдауды қамтиды.

 

Тақырып бойынша материалдар

ФОНОГРАММАНЫ ЕСКЕРТУ ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ МАҚҰЛДАНДЫ
20:35, 22 қазан 2020
ФОНОГРАММАНЫ ЕСКЕРТУ ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ МАҚҰЛДАНДЫ
Толығырақ...
ӨҢІРЛЕРДІҢ ИНТЕРАКТИВТІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КАРТАСЫНЫҢ ЖОБАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
20:33, 22 қазан 2020
ӨҢІРЛЕРДІҢ ИНТЕРАКТИВТІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КАРТАСЫНЫҢ ЖОБАСЫ ТАНЫС...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА 4 МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛДІ
13:01, 19 қазан 2020
АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА 4 МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛДІ
Толығырақ...
БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
13:05, 23 қазан 2020
БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
Толығырақ...