ШҰҒЫЛ! ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫ БӘСЕҢСІМЕЙДІ Толығырақ

ЕГДЕ ЖАСТАҒЫ ВОЛОНТЕРЛЕР

20:37, 14 ақпан 2020

Волонтерлықпен жастар ғана емес, егде кісілер де айналысады. Солардың бірі – жасы жетпіске жақындаған, елордалық Бәтима Құсайынова. Зейнеткер бос уақытын қоғамдық жұмыстарға арнайды. Жақсылығы үшін өтемақы сұрамай, біреуге көмектесуді парыз деп санайтын кейіпкермен тілшіміз кездесіп келді.

Алпыс жеті жастағы Бәтима Құсайынова өзінің волонтерлық қызметін халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесінде бастапты. Одан кейін белсенді әже қысқы триатлоннан, шахматтан әлем чемпионаттары, Астана экономикалық форумы сияқты  бірқатар маңызды іс-шарада волонтерлікпен айналысқан.

Бәтима апай өмір бойы мемлекеттік қызметте болған. Әкімшілік тәжірибесі мен адамдармен оңай тіл табысуы көп көмектескенін айтады.Тіпті, «Алтын волонтер» атағымен де марапатталған. Оның  сөзінше, жасы ұлғайған адам үйде бос  отырса, ауру-сырқауы көбейеді.

БӘТИМА ҚҰСАЙЫНОВА, ВОЛОНТЕР:

- Шама келгенше істеймін. Өзіме ұнайды. Өзімді бақыттымын деп санаймын. Мынау жұрттың арасында жүріп көңілімді көтеремін. Денсаулығымды нығайтамын. Жұртқа көмектессем, жақсылық істесем – өзімнің көңілім көтеріледі. Планымда жаузлы тұрады, мысалы бүгін 5 адамға көмектестім деп.

Ал Бірлікбай ата «күмісті еріктілер» тобының мүшесі. Жасы  80-ге келген қария ұзақ жыл металлург болған. Зейнетке шыққасын бос отырмай, волонтерліктеп айналысайын деп шешкен. Қаладағы тыл және Ұлы Отан соғысы ардагерлерлеріне көмектесіп тұрады.

БІРЛІКБАЙ ОРДАБАЕВ, ВОЛОНТЕР:

- Өзім, менің серіктестерім, белсенділер үйлеріне барып, сұхбаттасып... Қарттарды тек қана қарттар түсіне алады. Мысалы, жастар қарттармен әңгімелесе алмайды. Сондықтан, қарттардың көңіл-күйін аулап, әр түрлі әңгімеге шақырып қоғамнан бөлек немқұрайлы қарап отырғым келмейді. Ортам жақсы болса, менің көңіл-күйім жақсы, денсаулығым жақсы.

Волонтерлік - тек жастарға тән тірлік емес. Бәтима апай мен Бірлікбай ата соның жарқын дәлелі. Бастысы - белсенділердің шын ниеті, жақсылық жасауға деген талпынысы.

Тақырып бойынша материалдар

ЗАҢ ЖОБАСЫ БІРІНШІ ОҚЫЛЫМДА МАҚҰЛДАНДЫ
20:34, 26 наурыз 2020
ЗАҢ ЖОБАСЫ БІРІНШІ ОҚЫЛЫМДА МАҚҰЛДАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ИНТЕРНЕТ АРҚЫЛЫ ТАПСЫРЫС ЖАСАЙТЫНДАР АРТТЫ
17:18, 27 наурыз 2020
ИНТЕРНЕТ АРҚЫЛЫ ТАПСЫРЫС ЖАСАЙТЫНДАР АРТТЫ
Толығырақ...