ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫНЫҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН ЖИЫН ӨТТІ Толығырақ

ЭКСПОРТ ҮЛЕСІН АРТТЫРУ

17:58, 20 қыркүйек 2019

Жергілікті тауарөндірушілердің бәсекеге қабілеттілігі, өнімдерін  экспортқа шығару  жолындағы мәселелер. Еуразиялық экономикалық космиссиясының  бәсекелестік және монополияларға қарсы реттеу жөніндегі қоғамдық қабылдаудың  көшпелі отырысында солтүстікқазақстандық  кәсіпкерлердің  осы және тағы басқа мәселері қарастырылды.   Жиынға облыс әкімі Құмар Ақсақалов пен  аталмыш комиссияның мүшесі Серік Жұманғазин қатысты.          

Еуразиялық экономикалық одақ Елбасының бастамасымен құрылып, бүгін 180 млн-нан астам адамды біріктіріп отырған зор нарыққа айналды. Ішкі жалпы жиынтығы 2 триллион долларды, сыртқы сауда айналымы 750 млрд доллардан астам. Біздің өңірдің бұл нарықта өз орны бар.  

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Біздің облыс арқылы Ресеймен байланыстыратын ірі көлік логистикалық магистраль өтуде. Еуроппаға таяу Шығысқа қарай жөнелтілетін жүктің 70 пайызы біздің қала арқылы өтеді. Сыртқы сауда айналымының үштен екісін Еуразиялық экономикалық одақ елдері құрайды. Негізгі серіктестерге  Ресей, Қырғызстан, Белорусь елдері жатады. 

Соңғы 5 жылдың ішінде экспорттың көлемі 1,6 есеге артты. Негізінен бұл мал және егін шаруашылық  өнімдері,  азық-түлік,  металл және метал заттары, химиялық өнеркәсіп  өнімдері.Ресей нарығына шығу тауар өндірушілер үшін оңай шаруа емес, алайда бұл белестен өтіп,жоғары нәтиже көрсетіп отырған компаниялар бар.  Айталық Радуга серіктестігі жыл басынан бері  көршілес елдің ірі қалаларына 241 млн теңгенің  523 тонна өнімін экспорттап үлгерді. Осы орайда  кәсіпкерлерге  қолдау түрі ретінде, Омбы қаласының өзінде 7 дүкен ашылып, солтүстікқазақстандық тауарларды саудалауға мүмкіндік берілді. Тағы 2 дүкенді ашу биылғы жоспарға енгізілген. Алайда экспорт көлемін арттыруда әлі де біраз кедергі бар.

СЕРІК ЖҰМАНҒАЗИН, ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОСМИССИЯСЫНЫҢ   АЛҚА МҮШЕСІ:

- Президентіміз Тоқаев  мырза өз Жолдауында біраз тапсырма берген болатын. Біріншіден экспортты қолдау. Басты мақсатымыз, қандай кедергілер бар екенін білу. Соның бәрін талқылап, арнайы жоба құрап, енгіземіз. 

Бәсекеге қабілеттіліктің негізгі талабы өндірілген тауардың сапасы мен қауіпсіздігі. Ұлттық сараптама орталығының зертханасы сертификаттау органдарының біріңғай реестіріне енгізілген. Департамент өнімдерді 18 талап  бойынша тексереді.Оның 12-сі азық-түліктердің қауіпсіздігі мен 6-сы халық тұтынатын тауарлардың нормаға сай болуы.

ТАТЬЯНА ГОРЛОВА, СҚО ТАУАРЛАР МЕН КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ ЖЕТЕКШІСІНІҢ М.А.:

- Импорттық тауарларды тексеру нәтижесінде  577 өнімде нормадан ауытқу анықталды. Оның басым бөлігі таңбалау талабы дұрыс орындалмаған. Микробиологиялық көрсеткіш бойынша 6,6 проценты өткен жоқ. Физика-химиялық көрсеткіш бойынша, 5,4 процент, тұтынушыларды алдау 4,3 процентті құрады, негізінен бұл сүтті өнімдерде майлығы қаптамада жазылған майлығына сай келмеуіне байланысты. 

Солтүстік Қазақстан  - аграрлы аймақ,  жыл сайын егіннің бір бөлігін шет елдерге экпорттайды. Алайда бұл  салада да біраз кедергілер бар көрінеді.

ЮРИЙ ОЛЕЙНИК, «АБИ –ЖЕР» ЖШС  ӨКІЛІ:

- Ресейлік тарап, қазақстаннан келген жүкті қажетті сараптама қағаздарының барына қарамай,  тағы тексерістерге жібереді. Осылайша біз қосымша шығындарға ұшырап, өнімнің құны қымбаттайды. Бізде экспорттық режимде жіберілген жүктің барлығы  сертификаттары бар, оларды берген ұйымдар халықаралық аккредитация мен лицензияларына ие. Сондықтан , елімізде жүргізілген сараптамалардың барлығы Халықаралық талаптарға сай емес пе?. Сол себепті экспортталушы елде қосымша зерттеу жүргізудің қажеттігі жоқ деп ойлаймыз. 

Сүтті өнімді өңдіретіндерде де экспорттауда  мәселелер бар.  Олар жайында еліміздің ірі кәсіпорындарының бірі «Зенченко и К» серіктестігінің басшысы Геннадий Зенченко айтып берді.

ГЕННАДИЙ ЗЕНЧЕНКО, «ЗЕНЧЕНКО И К»  КС БАС ДИРЕКТОРЫ:

Ресей жағынан мал дәрігерлік, санэпидемиологиялық қызмет посттары тұр. Бір қызығы зертхана Челябі жақтағы  Петуховада орналасқан. Яғни өнімнің сынамасын алып, сонда апарады.  10 күннен кейін ғана нәтижесін айтады. Оның өзінде өзің барып сұрасаң ғана.  Қазір цифрлық технология дамыған заманда бұл қалай қалай болғаны.

Жиын барысында осылайша ет, сүт, металл өнімдерін шығаратын компаниялардың өкілдері де экспорттау барысында кездесетін мәселелерді ортаға салды. Серік  Жұманғазиннің айтуынша, көтерілген сұрақтардың бәрі үкіметтке алдында қойылып,  шешімдері жоспар тізіміне енгізіледі.

Әсел ОРАЗБАЕВА

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар