ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР БЕРІЛДІ Толығырақ

ЕЛБАСЫ КЕҢЕС ӨТКІЗДІ

20:31, 14 қараша 2019

Самұрық-Қазына ұлттық әл-ауқат қорының қарызы азайып, өндіріс артқан. Бұл туралы бүгін Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен қорды басқару жөніндегі кеңесте айтылды. Жиында осы жылдың мамыр айында берілген тапсырмалардың орындалу барысы тыңдалды. Сондай-ақ, болашақта атқарылатын жобалардың жайы талқыланды.

«Самұрық Қазынаның» ел экономикасы үшін орны орасан. Қордың көтерген жүгі де ауыр. Қазіргі адымы алшаң. Әкімшілік және өзге де тиімсіз шығындарды қысқартуға бағытталған жұмыс жүйелі, деді басқарма төрағасы. Цифрлық технологияларды қолдану арқылы біраз шығын кеміпті. Қазіргі есеп бойынша 60 млрд теңге үнемделді.

АХМЕТЖАН ЕСІМОВ, «САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ҰЛТТЫҚ ӘЛ-АУҚАТ ҚОРЫ» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

Қазір қордың тірлігі тәуір. Күрделі проблемалардың күрмеуі шешіліп келеді. Көрсеткіш индикаторында да ілгерілеу байқалады.

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ, ЕЛБАСЫ:

- Байқағанымыздай жаңа басшылық қысқа уақыт ішінде жүйелі мәселелерді шешкен. Әсіресе қордың қарызы азайып, өндіріс артқан. Енді осы көрсеткішті сақтау керек. Қаржылық  жағдайы да жаман емес. Өткен жылы қордың таза табысы 88 пайызға көбейген. Биыл да 40 процентке өседі деп отырмыз. Тоғыз айдың қорытындысы өткен жылмен салыстырғанда әлдеқайда жоғары. Оның үстіне түрлі қажетсіз әкімшілік шығындар қысқарған.

Жалпы, қордың таза табысы - 268 млрд тг-ге жетіп, оның 70 пайызын мемлекетке берді. Бұл былтырмен салыстырғанде екі есе көп. Ақшалай алғанда пайда бес есе артқан.

АЛИК АЙДАРБАЕВ, «ҚАЗМҰНАЙГАЗ» ҰК» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ: 

«Самұрық-Қазына» активтерді көбейтіп, ұлттық компаниялардың ілгерілеуіне басымдық бермек. Мұнай-газ және химия саласында тиімсіз учаскелерде кен игерудің жаңа механизмдерін енгізу қажет. Осылайша, мол өнім алуға жұмыс жүргізілу керектігін тапсырды Елбасы.

САУАТ МЫҢБАЕВ, «ҚАЗАҚСТАН ТЕМІР ЖОЛЫ» ҰК» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

ҒАЛЫМЖАН ПИРМАТОВ, «ҚАЗАТОМӨНЕРКӘСІП» ҰАК» АҚ-НЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

Демек тетігін табу арқылы кешенді сұрақтар шешіледі. Өндіру көлемінің ұлғаюынан бастап әлеуметтік мәселелердің түйіні тарқатылады. Осы мәселелерді Үкімет зерттеп әрі қолдауы тиіс.

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ, ЕЛБАСЫ:

- Самұрық-Қазына қорының жұмысы ашық жүргізіліп, табысы көрініп тұр. Мұның барлығы ел игілігі үшін жасалып жатыр. Сондықтан басқарушы және директорлар кеңесі осыны халыққа түсіндіріп, сенімін ұялатуы керек.

Қор компанияларының акцияларын ІРО-ға шығару сұрақтары да талқыланды. Сондай-ақ сатып алулардың пайдалы тұстарын таразылау тапсырылды. АН ҚҰА

Тақырып бойынша материалдар

ЖАЛҒА БЕРГЕН ЖЕР ТЕЛІМДЕРІ ҚАЙТАРЫЛАДЫ
20:34, 12 желтоқсан 2019
ЖАЛҒА БЕРГЕН ЖЕР ТЕЛІМДЕРІ ҚАЙТАРЫЛАДЫ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР ТАБЫСТАЛДЫ
20:33, 12 желтоқсан 2019
МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР ТАБЫСТАЛДЫ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР ТАБЫСТАЛДЫ
20:32, 12 желтоқсан 2019
МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР ТАБЫСТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
13:08, 9 желтоқсан 2019
ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
Толығырақ...