ШҰҒЫЛ! 2019 ЖЫЛДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ШЫҒАРЫЛДЫ Толығырақ

ЕЛБАСЫ ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІН ҚАБЫЛДАДЫ

20:31, 3 қыркүйек 2019

Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады. Кездесу барысында еліміздің қорғаныс қабілетін нығайту, Қарулы Күштердің бөлімшелері мен құрамаларының жауынгерлік даярлығын арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар баяндалды.Сонымен қатар, Елбасына осы уақытқа дейін өткізілген және жыл соңына дейін жоспарланған ауқымды жаттығулар жайы да айтылды. Әсіресе, басшылық лауазымдардың санын қысқарту және басқару құрылымын оңтайландыру бойынша жұмыс нәтижелеріне ерекше назар аударылды. Қазақстанның Тұңғыш Президенті келесі жылы елордада Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығы және Отан қорғаушы күніне аралаған Әскери парадтың сапалы өткізілуін қамтамасыз етуді тапсырды.Өз кезегінде Нұрлан Ермекбаев Қазақстан армиясының құрылыс және даму бағдарламаларының орындалуы туралы баяндады. 

НҰРЛАН ЕРМЕКБАЕВ, ҚР ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІ:

- Сіз бізге қазіргі заманғы жан-жақты жабдықталған, кез келген жағдайда әрекет етуге дайын армия керегін тапсырған болатынсыз. Қорғаныс министрлігі ағымдағы жылда жауынгердің әзірлігін, жауынгерлік  қабілетін арттыруға бағытталған іс-шараларды іске асырды. Оның ішінде "Айбалта-2019" стратегиялық оқу-жаттығу, "Айбын" әскери-патриоттық жиыны өткізілді.

Тақырып бойынша материалдар

СЕНАТ ЖАНЫНАН ТҰРАҚТЫ КЕҢЕС ҚҰРЫЛАДЫ
17:51, 17 қаңтар 2020
СЕНАТ ЖАНЫНАН ТҰРАҚТЫ КЕҢЕС ҚҰРЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«ҚЫЗЫЛ-ЖАР СҚ» ФК БИЫЛ 920 МЛН ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
13:06, 14 қаңтар 2020
«ҚЫЗЫЛ-ЖАР СҚ» ФК БИЫЛ 920 МЛН ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
Толығырақ...
БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫ ЖАҢА ЖАБДЫҚТАРМЕН ТОЛЫҚТЫ
13:04, 14 қаңтар 2020
БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫ ЖАҢА ЖАБДЫҚТАРМЕН ТОЛЫҚТЫ
Толығырақ...