ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫН ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

ЕЛБАСЫ ТҮРКІСТАНҒА БАРДЫ

20:31, 4 қараша 2019

Түркістан экономикалық-әлеуметтік жағынан, мәдени-рухани тұрғысынан дамуға бет алды. Қасиетті қалада қазір құрылыс қарқынды. Былтыр Түркістанға жаңа мәртебе берілген болатын. Бүгін Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев көне шаһарға арнайы келіп, қарқын алған құрылыс жұмыстарымен танысты. 

Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың былтыр жаздағы жарлығы негізінде Түркістан - облыс орталығы мәртебесін иеленгені мәлім. Осыдан кейін шежірелі шаһарда жаңа тарих басталды. Көне қала алып құрылыс алаңына айналды.

Қазір киелі мекенде 30-ға жуық нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр. Бірқатары аяқталуға жақын. Елбасыға ірі жобалар таныстырылды.

Түркістан барлық бағытта қатарынан дамуда. Бастысы ежелгі тарихи қалпын бұзып алмай, заманауи келбетпен үйлесуге басымдық берілді. 

Шығыс стиліндегі көне шаһардың туристік әлеуетін жақсарту қажет-ақ. Себебі, туристерге қолайлы жағдай тиісті деңгейде көрсетілмей келді. 3 сағатқа келіп-кететін мейманды 3-4 тәулікке дейін аялдату шаралары қолға алынған. Цифрлық технологияға негізделген, ақылды қала ұғымына сай гүлденуде. Орталық Азияның ең көне қаласында тарихи-археологиялық қазбалар көп. Соның бәрі бас жоспарда ескерілген. Алғашқы қалалық қоныстардың бірі – Күлтөбе қалашығы қайта қалпына келтірілуде. Жоба үш жылға жоспарланған. Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің іргесінде орналасқан ежелгі орда ашық аспан астындағы археологиялық саябаққа айналуы тиіс.

АҚЫТЖАН ӘШІРБЕКОВ, ТАРИХШЫ:

- 6 ғасырдың өзінде қала болған. Бекерден бекер Түркістан болмаған. Бекерден бекер Яссауи бабамыз мекенін таппаған. Яғни бұл жердің ежелден халыққа жайлы, тарихи ортасы екені белгілі. Қаланың алдағы даму әлеуеті өте жоғары. Күлтөбе қалашығы тәуелсіздік алғанға дейін ескерусіз қалған. Яғни онда үйінді жатқан. Тәуелсіздігін алып, тарихын зерттеуге мүмкіндік алып, қазба жүргізілді.

Көне шаһарды қайта түлетумен қатар әлеуметтік ахуалға да ерекше екпін берілді. Халықтың тұрмысын тіктеп, сапалы өмір сүрулеріне барынша жағдай жасалып жатқаны байқалады.

ШОРА ИСМОЛДАҰЛЫ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

- Біз енді күніге көріп тұрмыз ғой. Бүгіннен ертеңге  басқа бір өзгеріс болып тұрады. Мынадай алаңқайлар, тек  қана адам жүретін арбаттар. Қандай керемет?! Шықсаң көңілің көтеріледі. Екі үш жылда қала адам танымастай өзгереді атына лайықты.Кесене орналасқан аумақта бүгінгі күні амфитеатр, су бұрқақтар, мәдени демалыс орындары мен саябақтар салынып, халық игілініне берілуде. Елбасы ашық алаңда өткен концертті тамашалады.

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ, ЕЛБАСЫ:

Бұдан соң Тұңғыш Президент Түркістанда тұңғыш рет өткізіліп жатқан халықаралық қолөнершілер жәрмеңкесіне келді. Жалпы, биыл Түркістанға миллионнан астам турист келген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп. Ауқымды істердің жемісі бастапқы кезеңінің өзінде осылайша нәтиже бере бастады. Ал Елбасы тапсырмасы бойынша Түркістан облыстық емес, халықаралық деңгейдегі қалаға айналуы тиіс.

Тақырып бойынша материалдар

ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ЖАҢҒЫРТУ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ
17:51, 12 желтоқсан 2019
ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ЖАҢҒЫРТУ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ
Толығырақ...
ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ СЕССИЯСЫ ӨТТІ
20:38, 11 желтоқсан 2019
ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ СЕССИЯСЫ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
13:08, 9 желтоқсан 2019
ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІ АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ
17:57, 6 желтоқсан 2019
ОБЛЫС ӘКІМІ АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...